
Абай облысының әкімі Мелькомбинат, 3, 4, 10, 11 мекен-жайындағы үйлердің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар жылыту мәселесінің шешілгенін қалайды.
«Біз орталық жылыту жүйесіне қосылмағанбыз. Осы мәселенің шешілгенін қалаймыз. Бұрын бізде жылу мен ыстық су болған. Ұн-жем комбинаты кеткен соң, біз қараусыз қалдық. Пешті өзіміз жағамыз. Қарттық келіп, жүріп-тұруымыз да қиын. Оған қоса отынды тасып, екінші қабатқа көтеруіміз керек. Үйлердің өзі ағаштан салынған, кез келген уақытта өрт болуы мүмкін. Жақында үйлердің бірінде өрт болды», - дейді тұрғындар.
«Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде, сметалық құжаттама дайын. Жағдай жақсарады деген сенімдемін. Бір мезетте бәрі шешіле қоймайды. Барлығы біртіндеп орындалады. Біз жұмысты осы жылы бастауға және аяқтауға тырысамыз. Ең бастысы жылыту мәселесін шешу керек», - деп сендірді Нұрлан Ұранхаев.
Облыс басшысы жауапты органдарға жұмыстардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.