
Ақсуат ауданында инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында көше жарықтандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Аталған шаралар аудандық бюджет есебінен кезең-кезеңімен атқарылып келеді.
Былтыр Ақсуат, Құмкөл, Жәнтікей, Қызылкесік, Үштөбе, Көкжыра ауылдарына 508 жарық бағанасы мен 566 көше жарықшамы орнатылып, елді мекендердегі түнгі жарықтандыру деңгейі едәуір жақсарды. Бұл тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, ауданның көріктенуіне оң әсерін тигізуде.
Алдағы уақытта көше жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары жалғасып, аудан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған шаралар жүйелі түрде іске асырылатын болады.