
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған жаңа нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өрт сөндіру бекетінде 1 өрт сөндіру көлігі, 1 жүргізуші және 3 қызметкер жұмыс істейді.
Майлин ауылдық округі Аягөз қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. 2025 жылғы ресми мәлімет бойынша округте 592 адам тұрады. Елді мекеннің негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Қазіргі таңда округ аумағында 48 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Аталған бастама ауылдық округ тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, жергілікті шаруашылықтардың тұрақты дамуына да оң ықпал етпек.