
Көкпекті ауылында жергілікті тұрғындар көптен күткен жағажай ашылды.
Көкпекті өзенінің жағасындағы жағажай аумағында киім ауыстыру кабиналары, көлеңкелі аймақтар, санитарлық тораптар және жуынатын орындар қарастырылған. Жағажай күн сайын сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қауіпсіздік мақсатында арнайы дайындықтан өткен құтқарушылар кезекшілік етеді.
Бұл – облыста Алакөлден кейінгі талапқа сай жабдықталған екінші жағажай. Жаңа демалыс орны – аудан тұрғындарына жайлы, қауіпсіз орта ұсынатын маңызды әлеуметтік жоба.
Нысанның ашылуына аудан әкімі Әділет Қожанбаев қатысып, тұрғындарды құттықтап, жағажайдың таза әрі ұқыпты сақталуы баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.