Меню

Страницы

Статья

Абай облысындағы сайлау учаскелерін мониторингтеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы

 

Абай облысында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық аясында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері, оның ішінде кіреберіс жолдардың жағдайы, кедергісіз қозғалу мүмкіндігі, ақпараттық материалдардың қолжетімділігі және мүгедектігі бар азаматтардың өз бетінше дауыс беруіне қажетті жағдайлар қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс тобы жүргізілген мониторингтің нәтижелерін қорытындылап, анықталған мәселелерді шешу бойынша негізгі бағыттар мен ұсынымдарды белгіледі.

Барлық азаматтардың сайлау процесіне тең және қолжетімді жағдайда қатысуын қамтамасыз ету мақсатында сайлау комиссияларымен және жауапты ұйымдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасауға ерекше назар аударылды.

Абай облысының сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс алдағы сайлауға дайындық аясында жалғасатын болады.

Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы

[19 тамыз] | Абай облысы

Дата публикации
19 августа 2026
Дата обновления
19 августа 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы