«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33 бабының 1-1 және 2-1 тармақтарына сәйкес Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бесқарағай ауданы әкіміне кандидаттардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылатын шығыстарының мынадай мөлшері белгіленсін:
- Теледидар мен радио арқылы бағдарлама ұсыну, мерзімді баспа немесе интернет басылымдарда 2 мақала жариялау – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге;
- Ашық үгіт-насихат іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 180 000 (жүз сексен мың) теңге;
- Көлік шығыстары – 100 000 (жүз мың) теңге.
- Осы қаулы Абай облысы Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
- Абай облысы Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы осы қаулыны аудан әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
- Осы қаулы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға
|
|
Г. Жігітбаева
|
| |
|
|
|
Хатшы
|
|
Б. Төкенов
|
Семей қаласы
2026 жылғы 4 наурыз
№ 28