Меню

Страницы

Статья

Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін практикалық семинарлар өткізілді

2025 жылғы 4-5 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты бөлімдерінің меңгерушілері Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін "Көкпекті ауданы әкімінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында практикалық семинарлар өткізді.

Семинар барысында сайлау комиссияларының қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинарға қатысқан барлық тыңдаушылар сайлау заңнамасы бойынша тестілеуден өтті.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің назары "Барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, заң бұзушылықтарына жол бермеу, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасау, байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне" аударылды.

Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін тағы бір мәрте шыңдауға мүмкіндік алды.

Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты бөлімдерінің меңгерушілері қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

 

Дата публикации
08 декабря 2025
Дата обновления
08 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы