Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы 12 қазанға тағайындалған облыстық бюджет қаражатынан жабылатын Семей қаласы әкіміне кандидаттың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33 бабының 1-1 және 2-1 тармақтарына сәйкес Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Семей қаласы әкіміне кандидаттардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылатын шығыстарының мынадай мөлшері белгіленсін:
  • Теледидар мен радио арқылы бағдарлама ұсыну, мерзімді баспа немесе интернет басылымдарда 2 мақала жариялау – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге;
  • Ашық үгіт-насихат іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
  • Көлік шығыстары – 100 000 (жүз мың) теңге.
  1. Осы қаулы Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  2. Осы қаулыны Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

Төраға

 

 

Г. Жігітбаева

 

Хатшы                                                      

 

 

Б. Төкенов

Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 16 қаулысы

 

 

Дата публикации
19 сентября 2025
Дата обновления
19 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы