Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы Абай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша ақпарат

2025 жылдың 1 наурызына халық саны: 601,8 мың адам, оның ішінде қалалық – 374,5 мың адам (62,2%).

Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2 кент, 320 ауылдық елді мекен.

  1. Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 567,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 100,3%.
  2. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 37,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 102,4%.
  3. Шағын және орта бизнес. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54,9 мың бірлікті құрады. Өсу қарқыны - 103,0%.
  4. Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 65,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 116,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 91,9%.

40,8% өсу қарқынымен 24,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

  1. Жұмыспен қамту. 2024 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8%. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны 112,9 мың адамға жетті немесе экономикалық белсенді халық санының 36,8% құрады.

2024 жылдың 4 тоқсанындағы орташа жалақы 363 624 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 11,8% жоғары.

Инфляция 103,2% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 104,6%.

  1. Бюджет. Облыс бюджетіне түсімдер 459,2 млрд. теңгені құрайды (70,0% – трансферттер, субвенциялар және кредиттер).

2025 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік бюджетке 116,9 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 78,7 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 38,2 млрд. теңге.   

  1. Әлеуметтік сала. Әлеуметтік салаға 254,2 млрд. теңге көзделген, оның ішінде білім беру – 176,8 млрд. теңге, денсаулық сақтау – 13,5 млрд. теңге, әлеуметтік қамсыздандыру – 39,2 млрд. теңге, мәдениет және спорт – 24,8 млрд. теңге.
  2. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық. Халықтың облыс бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі ауылдық жерлерде 94,9 %, қалаларда 95,4% құрайды.

Халықтың ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға  қолжетімділігі - 22,8%, қалаларда – 39,8% құрайды.

2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 11,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 18 жобаны салуға - (7,1 млрд. теңге) және 11 нысанды реконструкциялауға (4,7 млрд. теңге), 2 жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге (34,1 млн. теңге).

  1. Қоғамдық қауіпсіздік. 2025 жылдың 1 сәуіріне 1 024 қылмыс тіркелді, оның ішінде ұсақ – 181, орташа ауырлықтағы – 408, ауыр – 269, аса ауыр - 7.
Дата публикации
20 мая 2025
Дата обновления
20 мая 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы