Меню

Страницы

Статья

Абай облысында мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс 27-інші сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, тиісті басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия барысында 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке және Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссиясы құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы баяндама жасады. Жаңа өзгерістер аймақтың алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына сәйкес әзірленген.

Сессия барысында депутаттар тарапынан мәдениет нысандарын салу, дәрі-дәрмекпен қамтуға қатысты депутаттық сауалдар жолданды.

Отырыс соңында сөз алған аймақ басшысы депутаттарға облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдағаны үшін алғыс білдіріп, алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. Өңірдегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін айтты.

«Салалық министрліктерге 107,7 миллиард теңгеге 169 жоба бойынша республикалық бюджеттен трансферттер алу үшін бюджеттік өтінімдер жолданды. Өңірлерге шығу қорытындысы бойынша халықтың өтініш-тілегін ескере отырып, қала, аудан әкімдеріне, салалық басқарма басшыларына нақты тапсырмалар бердім. Облыстың экономикасын көтеру үшін тек бюджет қаражатына иек артпай инвестиция тартуымыз керек. Бұл - қала, аудан әкімдерінің ең басты міндеті. Облыстың географиялық орналасуын, көлік логистикалық, сауда-экономикалық мүмкіндігін толық пайдалануымыз қажет. Осы орайда мамыр айында өңірге инвестиция тарту үшін Қытайға арнайы делегациямен баруды жоспарлап отырмыз» деді облыс әкімі.

Дата публикации
02 мая 2025
Дата обновления
02 мая 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы