Меню

Страницы

Статья

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында

Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру мақсатында Семей қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы хабарландыру жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Бағдарлама аясында қаладағы аумақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жоспарланған.

Бұл шаралар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Семей қаласындағы шағын кәсіпорындар аталған бастамаға белсенді түрде қатысып, өз үлесін қосуға шақырылады. Бірлескен әрекет — таза әрі жайлы қала кепілі!

 

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың            19 сәуірінде облыстың елді мекендерінде аумақтарды жинау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды акциялар ұйымдастырылды.

Жалпы, Абай облысы бойынша облыстың 25,9 мың тұрғыны қатысты.               1286 ұйым және 545 бірлік техника жұмылдырылды.

18,7 мың аула, 263 саябақ пен сквер, және 90 ескерткіштің аумағы тазартылды, 995 шаршы метр төсеніш жөнделді және ауыстырылды.

Полигондарға 5,1 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

86 су қоймасы тазартылып, 6194 метр арық пен 18 субұрқақ тазаланды.

Елді мекендердің аумағында 8111 дана ағаштар мен бұталар отырғызылды.

Сонымен қатар, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес Семей қаласы 21 учаскеге бөлініп, әрбір учаске облыстық басқармаларға тапсырылды.

Облыстық басқармалар осы сенбілікке белсенді қатысып, үйінділерге жиналған 2130 қап қоқыс пен 123,9 тонна түрлі қоқыс жинады (аумақтан сыпырылған қоқыс, ірі көлемді қалдықтар, құрғақ бұтақтар мен шөптер).

Жалпы, осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

2025 жылғы 26 сәуірде өткізілген экологиялық сенбіліктің қорытындылары туралы.

Жалпы, Абай облысы бойынша облыстың 35,8 мың тұрғыны қатысты.             1493 ұйым және 653 бірлік техника жұмылдырылды.

18,9 мың аула, 292 саябақ пен сквер, және 101 ескерткіштің аумағы тазартылды, 1129 шаршы метр төсеніш жөнделді және ауыстырылды.

Полигондарға 7,3 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

80 су айдыны тазартылып, 11 750 метр арық пен 24 субұрқақ тазаланды.

Елді мекендердің аумағында 13 872 дана ағаштар мен бұталар отырғызылды.

Облыстық басқармалар осы сенбілікте үйінділерге жиналған 1622 қап қоқыс пен 145,74 тонна түрлі қоқыс жинады (аумақтан сыпырылған қоқыс, ірі көлемді қалдықтар, құрғақ бұтақтар мен шөптер).

Дата публикации
02 мая 2025
Дата обновления
02 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы