2025 жылғы 27 қаңтарда Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы облыстық маңызы бар қалалары және аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының қатысумен жоспарға сәйкес "Қазақстан Республикасында сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздері: өткізу ерекшеліктері мен кезеңдері" тақырыбында оқыту онлайн семинар-кеңесін өткізді.
Семинар-кеңесте қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Семинар даулы жағдайларда сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттері бойынша практикалық сабақпен аяқталды.
Семинар-кеңесті өткізу қорытындысы бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.