Меню

Страницы

Статья

6 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күні

Бүгін біз күнтізбедегі маңызды күн — жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күнінін Абай облысының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері барлық қалалар мен аудандарда апталық жоспарға сәйкес іс-шараларды өткізуде. Аталған іс-шараларға жастар мен болашақ сайлаушылар белсене қатысуда.

Дүниежүзілік сайлау күні 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында құрылды және оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады.

Бұл күн әлемнің барлық сайлау органдарыүшін елдердің демократиялық дамуы үшін еркін және адал сайлаудың маңыздылығын еске салатын кәсіби мерекеге айналды.

Дүниежүзілік сайлау күні елімізде ресми мереке болмасада,оның маңыздылығы даусыз. Бұл азаматтарға сайлау құқықтарымен міндеттерінің маңыздылығын еске салатын күн.

Құқықтық сауаттылықты арттыруға және сайлау мәдениетін дамытуға бағытталып өткізілген түрлі іс-шараларға қатысқан жастар мен болашақ сайлаушылар сайлауды ұйымдастырушылардан өз сұрақтарына жауап алып ризашылықтарын білдірді.

 

Дата публикации
06 февраля 2025
Дата обновления
06 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Облыстық сайлау комиссиясында саяси партиялардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы