Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан мен Татарстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде облыс әкімі Н.Т. Уранхаева бастаған Абай облысының әкімдігі 2024 жылғы 6-10 қарашадан бастап Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың мақсаты - мәдени мұра алмасу, Татарстан Республикасының заманауи жетістіктерімен танысу және сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту. Бірқатар өнеркәсіптік, мәдени, білім беру нысандарымен танысты.