Кәсіпкерлік ахуалды жақсарту және жаңа өндірістер ашу жолымен халықтың табыстылығын арттыру үшін Кәсіпкерлік басқармасы қаржылық қолдаудың 6 шарасын белсенді іске асыруда.
Бірінші құрал - бірыңғай кешенді бағдарламаға сәйкес («2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» ҚР Үкіметінің 22.09.2023 № 828 қаулысымен күші жойылды, 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі), бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін субсидиялау тетіктері бар, мұнда несие бойынша жылдық мөлшерлеме мыналарды құрайды: өңдеу өнеркәсібі үшін жылдық 8% - дан бастап, қызмет көрсету және басқа да салаларда жылдық 9% - дан бастап, аудандарда, округтерде, моноқалаларда және ауылдарда 7% - дан бастап. Ол үшін кәсіпкер ЕДБ –де өз жобасын қаржыландыру туралы шешім алуы қажет (ЖК ашылу мерзімі 0 айдан бастап «Нұрбанк»,, «РБК»,, «Береке банк», «ЦКБ», 6 айдан бастап – «Jusan», «ҰБК»АҚ, «Forte» - 1 жылдан бастап).
Субсидиялауға өтінім бекітілгеннен кейін кәсіпкер өтінімді Қорға электрондық үкімет порталы «Е-gov.kz» немесе Damu -lline веб-сайты арқылы береді. Жобаны субсидиялау мүмкіндігі / мүмкін еместігі туралы шешімді Қор 5 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде ауданы кемінде 1000 шаршы метр сауда қызметінде (ойын-сауық орталықтарын қоспағанда) сауда орталықтарын, заманауи форматтағы сауда объектілерін және көпфункционалды кешендерді салуға немесе кеңейтуге, қайта құруға арналған жобаларды субсидиялау мүмкіндігі бар.
Екінші құрал - жетіспейтін соманың кепілі болып табылатын кредиттер бойынша кепілгерлік (кепілдік беру). Кепілдік сомасы 85% - дан аспайтын сомаға кредиттеу кезінде 360 млн тг. құрайды, жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін несие сомасы 1,5 млрд тг. - ден аспайтын 50% - ды құрайды.
Үшінші құрал - Бірыңғай кешенді бағдарлама бойынша 5 млн. теңгеге дейінгі көлемде әлеуметтік кәсіпкерлер үшін конкурстық негізде мемлекеттік гранттар беру жұмыстары жүргізілуде (өзгерістерге сәйкес мемлекеттік гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушылар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер ғана бола алады).
Жобаларды қарау кезіндегі негізгі критерийлері:
1) кәсіпкердің оны іске асыруға жұмсаған шығыстарын ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% - ы мөлшерінде қоса қаржыландыруы;
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) бизнес-жобада жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымның болуы.
Төртінші құрал - облыста «Қамқор» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы іске асырылуда, онда бір қарыз алушыға шаққандағы сома 100 млн.теңгеге дейін, жылдық 7% ставка бойынша (инвестицияларға; айналым қаражатын толықтыруға; қайта қаржыландыруға). Осы бағдарлама аясында ЭҚЖЖ 47.11., 47.2. бойынша шектелген 56 қаржыландыруды алуға болады (мамандандырылған/мамандандырылмаған дүкендерде негізінен сусындар мен темекі өнімдерін қоса алғанда, азық-түлік өнімдерімен бөлшек сауда) және Даму Қоры арқылы берілетін субсидиялау шеңберінде (азық-түлік және сусындар беру жөніндегі қызметтер).
Бесінші құрал - ұлттық жоба шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде (инвестициялар 200 млн, инф - 50 млн).
Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.
Алтыншы құрал – облыста жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу жөніндегі бағдарлама бар, олар азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге, экологияға қамқорлық жасауға, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға жұмыс орындарын беруге бағытталған бағыттарға сәйкес іріктеледі.
Тізілімге енгізілген ШОБ субъектілері үшін салалық шектеусіз 7% субсидиялау шеңберінде жеңілдікті кредиттер және 5 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар беріледі.