Меню

Страницы

Статья

ҚР ОСК оқыту семинары-Семей қаласы 30 қазан 2024 жыл

Ағымдағы жылдың 30 қазан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К. В. Петров, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С. С. Мұстафина және Орталық сайлау комиссиясы аппаратының қызметкерлері жұмыс сапарымен Абай облысында болды.

Жұмыс сапар аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар өткізді. Аталған семинарға тәжірибе алмасу мақсатында Абай және Павлодар облыстарының облыстық, қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялырының төрағалары мен хатшылары және округтік сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары                    К. В.  Петров семинарды Ұлттық мереке Республика күнімен қатысушыларды құттықтаудан бастап, Абай облысының бір қатар аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін жемісті еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады.

Семинар ерекше форматта өкізіліп, семинар барысында барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, әсіресе сайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу және тағайындау, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу, кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының, байқаушыларының құқықтары мен міндеттері, сайлау алдындағы үгіт, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару мәселелері бойынша, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинарды өткізу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап бере отырып әдітемелік кеңестер берді.

 

Дата публикации
04 ноября 2024
Дата обновления
04 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы