Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
_______________________________________________________________
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1. |
Басқарма басшысы
|
Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ басқарма қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүргізуді ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды; Мемлекеттік әлеуметтік бағдармаларды іске асыру бойынша жұмыстар кешеніне басшылықты жүзеге асырады, Абай облысы халқының әртүрлі топтары мен санаттарына сапалы әлеуметтік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді. Жемісті жұмыспен қамтуға көмек көрсетеді.
|
Деректер жоқ |
|
2. |
Басқарма басшысының орынбасары
|
Орталық уәкілетті органмен физикалық мәдениет және спорт саласындағы өз құзыреті мәселелері бойынша өзара әрекеттесуді үйлестіреді, Қадағалайтын секторлар мен блоктар арасындағы міндеттерді бөледі, Спорттық объектілер мен құрылымдардың жағдайын мониторингтеп, талдайды, олардың республикалық ережелерге сәйкестігін тексереді.
|
Деректер жоқ |
|
3. |
Бөлім басшысы |
Бөлімнің жалпы басшылығын жүзеге асырады, міндеттерді бөледі және негізгі бағыттар, формалар мен әдістерді анықтайды, бөлімнің құзыретіне кіретін тапсырмаларды орындау және бөлімнің жұмысын жоспарлау; Бөлім мамандары мен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, өз тапсырмалары мен басшылығын орындауды бақылайды, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды, бөлім қызметкерлеріне сыйақы немесе тәртіптік жаза қолдану туралы Басшылыққа ұсыныстар енгізеді. |
Деректер жоқ |