СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
|
Басқарма қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және алдын алу тетіктерінің жеткіліксіздігі. |
ҚР қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де мүдделер қақтығысын реттеу туралы ережені (ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжатты) әзірлеу және бекіту. |
Ережені бекіту туралы Басқарма басшысының бұйрығы, қызметкерлердің танысқаны туралы белгісі бар Ереженің көшірмесі. |
|
2026 жылдың аяғына дейін |
|
|
«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде процестік емес («қолмен») өзара іс-қимылды болдырмау және қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тәуекелдері. |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ҚР Жер кодексінің 120-бабы бойынша ведомствоаралық келісу кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру бөлігінде Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (ҚР АШМ № 301 бұйрығы) өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен ресми хат дайындау және жолдау. |
ҚР АШМ-не жолданған шығыс нөмірі мен кеңсе мөрі бар ресми ұсыныс хаттардың көшірмелері |
(Басқа мемлекеттік органға ұсыныс жолданды) |
2026 жылдың аяғына дейін |