СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
|
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығынының «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары" 2-қосымшасының 10 тармағындағы елді мекендерде білім беру ұйымдарының тығыз орналасуына байланысты діни әдебиеттерді тарату пункттерін білім беру ұйымдарынан кемінде 300 метр қашықтықта орналастыру талабын іс жүзінде сақтау көптеген жағдайда мүмкін емес. Соның салдарынан кәсіпкерлердің заңды қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі шектеледі және уәкілетті органдар тарапынан рұқсат беру, келісу немесе бақылау рәсімдерінде субъективті шешім қабылдау тәуекелі артады. Мұндай жағдайлар сыбайлас жемқорлық көріністеріне алғышарттар қалыптастыруы мүмкін.
|
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін елді мекендердің қала құрылысы ерекшеліктерін ескере отырып, аталған қашықтықты 100-150 метрге дейін қысқарту немесе оны жергілікті атқарушы органдардың бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес айқындау мүмкіндігін қарастыру туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс хат жолдау.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау |
|
4 тоқсан 2026 |