Меню

Страницы

Статья

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ

  1. Мәдениет саласын сақтау және дамыту

1) Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңірде мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

2) Мәдениет мекемелерінің желісі:

2024 жылы Абай облысында 256 мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде: 103 мәдениет үйлері мен клубтар, 137 кітапхана, 4 музей, 7 архив,                                                          1 лингвистикалық орталық, 1 театр, 1 филармония, 1 облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық.

Анықтама үшін: Басқармаға 17 мекеме бағынысты (1 – филармония; 1 – театр; 4 – музей; 1 – кітапхана; 7 – мемлекеттік архив; 1 – облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы; 1 – тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық;                                           1 - лингвистикалық орталық).

2023 жылы мәдениет саласына 4 933 564,8 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржы 100 пайызға игерілді. 2024 жылға 4 806 968,2 мың теңге бөлінді.

3) Мәдени шаралар:

       Театр және музыка өнері

Театр ғимараты 530 көрерменге арналған. Театр құрамындағы 3 труппа 2023 жылы театр 429 спектакль қойып, 104 696 көрерменді қамтыды. Түркия мен Литва елдеріне гастрольдік сапарлары  ұйымдастырылды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында театр ұжымы 215 спектакль қойып, 50983 көрерменді қамтыды.

Сонымен қатар 2024 жылы Абай атындағы қазақ музыкалық-драмалық труппасының құрылғанына 90 жыл толып отыр.

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы                         2023 жылы 82 концерт ұйымдастырды, оның ішінде 5 гастрольдік концерт. Көрерменді қамту саны 22009 адам.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 65 концерт өткізді, оның ішінде 5 гастрольдік, 7663 адам қамтылды.

Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы 23 мәдени іс-шара өткізіп, 6162 адамды қамтыды.

Музейлер

4 облыстық музей қызмет атқарады. Музей жәдігерлдерін цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы                         20 597 жәдігер, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 19445 жәдігер цифрландырылды. 3D форматындағы цифрланған музей экспонаттарының саны 6 бірлікті құрайды.

2023 жылы музейлерде 1988 іс-шара өткізіліп, 146 426 адамды қамтыды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 182 іс-шара өткізіліп, 21875 адам қамтылды.

Кітапхана ісі

Облыста 137 мемлекеттік кітапхана бар. Оның 1-і облыстық,                 14-і қалалық, 121-і аудандық және ауылдық, 1-і зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана.    

2023 жыл бойынша кітапханалардағы кітап қоры 2 389 876 дананы құраса, оның 986 036 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар.

2024 жылдың бірінші жартыжылдықта кітапхана қоры 2 495462 дананы құрайды, оның 1054802 дана мемлекеттік тілде, балалар кітабы - 422059.

2023 жылы кітап берілуі – 2412762.

2024 жылдың бірінші – 936043 дана кітап берілді.

2024 жылы «Абай облысындағы кітапханаларды жаңғырту» жобасы аясында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Кемелді қадам» қоғамдық қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобы – «Samruk-Kazyna Trust» қаржылық қолдауымен заманауи қоғамдық кеңістік ашылды. Жобаның жалпы сомасы 54,1 млн. теңгені құрады.

Анықтама үшін: Жаңартылған кеңістік «Оқу бөлмесі-коворкинг орталығы», «Балалар ойын клубы», «Инновациялық робототехника зертханасынан» тұрады. Бұл балаларға арналған кеңістіктер күрделі жөндеуден өтіп, жаңа заманауи жиһаздармен және техникалық құралдармен жабдықталды.

Сонымен қатар «Кемелді қадам» қоғамдық қоры зағип және нашар көретін азаматтарға Семей қаласында арнайы кітапхана ғимаратын салуды жоспарлап отыр.

«Абай жолы кітапханасы» атты бесжылдық жоба жүзеге асырылуда. Әдеби жоба өңіріміздің жазушы-ақындары мен өнер қайраткерлерінің түрлі жанрдағы, тақырыптағы шығармаларын қайта жарыққа шығарады. Жинақтың бірінші басылымында 16 кітап (жалпы таралымы 8000 дана) басылып шықты, биыл 20 автордың жалпы таралымы 10000 данамен жарық көруі жоспарлануда.

Имидждік іс-шаралар:

2023 жылы көрнекті тарихи тұлғалардың мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында 33 шара, 2024 жылы 36 шара өткізіледі.

Анықтама үшін:

2024 жылы жазушы, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің туғанына 75 жыл толуына орай шығармашылық кеш өткізілді. Сазгер, профессор, әнші, сатирик Айтмұхамбет Бейсенбековтің 75 жас, әнші, қоғам қайраткері Құсмілия Нұрқасымның 75 жасқа толуына орай шығармашылық кештері өткізілді. Айткеш Толғанбаевтың 100 жылдығына орай, «Маэстро» спектаклінің премьерасы өтті. Пьеса авторы Дәулет Сейсенұлының биыл 75 жасқа толып отыр.

13 мамырда «Керней күмбірі» үрмелі аспаптар оркестрінің фестивалі бастау алды, сонымен қатар «Ашық микрофон» жобасы жалғасын тапты.

Маусым айында қоғам қайраткері, би, қажы Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы Абай ауданында ұйымдастырылды. Осы шара аясында «Асыл мұра» республикалық қолөнершілер байқау-фестивалі өткізіледі.

Шілде айында Ырғызбай Досханұлының есімін дәріптеуге арналған республикалық өнер және спорт фестивалі Ақсуат ауданында өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ биыл қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың                         95 жас мерейтойына орай облыс орталығында белгілі отандық жұлдыздарының қатысуымен openAir форматында ән фестивалі өткізіледі.

Сазгер Тұрсынғазы Рахимов атындағы дәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауы, Еркеғали Рахмадиев атындағы республикалық композиторлар байқауы, ақын Төлеу Көбдіковтің 150 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы, Айткеш Толғанбаев атындағы скрипкашылардың халықаралық байқауы биыл өткізілмек.

Креативті индустрия:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев                          2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында креативті индустрия орталықтары әрбір облыста болуы қажеттігін атап өтті.

Қазіргі таңда Абай облысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда:

  • Абай облысында креативті экономиканы дамытудың стратегиялық көзқарасы анықталды;
  • креативті индустрия паркін құрудың жол картасы бекітілді;
  • 100% мемлекеттің қатысуымен «Abai Invest and Creative Industry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды;
  • бірінші кезеңде парктің функционалдық мазмұны анықталды (кино мен медиа, музыка және дыбыс, цифрлық өнер, сән және дизайн зертханалары, ашық коворкинг және инкубация және акселерация кеңсесі);
  • креативті индустрия паркі Қарағайлы көшесі, 77үй мекенжайы бойынша орналасқан, оның алып отырған жерінің ауданы 567,8 ш.м;
  • креативті индустрия паркі алаңында «Brilliant» шығармашылық мектебінің негізін қалаушы Мадина Еділбекованың жетекшілігімен әртүрлі стильде жұмыс істейтін дизайнерлердің жұмыстары шоғырланған «Brilliant show room» ашылды ;
  • «Talk like» оқырмандар клубының 2 отырысы өткізілді (50 адам қамтылды);
  • Instagram желісіндегі КИП парақшасы белсенді түрде жүргізілуде (creative.abay.oblysy);
  • YouTube платформасында креативті индустриядағы кәсіпкерлерге арналған «Oйсалар talks» подкасты іске қосылды, оның алғашқы спикерлері «Brilliant» шығармашылық мектебінің негізін қалаушы Мадина Еділбекова мен әнші әрі композитор Қаршыға Ильтан, фотограф Дәурен Көшербаев болды.

 

Дата публикации
16 июля 2024
Дата обновления
16 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы