Меню

Страницы

Статья

Абаттандыру

            Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 182 қаулысымен Семей, Шар, Курчатов және Аягөз қалаларын абаттандыру мәселелері бойынша Жол картасы бекітілді. Жол картасын орындау шеңберінде қалалар мен аудандардың әкімдіктері жұмыс көлемін анықтау, қалалардың аумақтарын абаттандыру, ғимараттардың сыртқы келбеті, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі, аумақтарды көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктің жай-күйі және балалар спорт алаңдарының болуы бойынша ұсыныстарды зерделеу, талдау және іріктеу, сондай-ақ бар ағаштар мен бұталарды түгендеу және есепке алу бойынша жұмыс жүргізді.

             2024 жылы облыстың қалалары мен ауылдық елді мекендерін абаттандыруға облыстық бюджеттен 2,1 млрд.теңге бөлінді. Семей қаласын абаттандыруға және көгалдандыруға жергілікті бюджет қаражатынан 4,6 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 45 аула аумағын абаттандыру, 5 қоғамдық кеңістікті абаттандыру және жаңарту, 36-дан астам көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған.

            2023 жылдан бастап Семей қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу басталды. Президенттің № 976 Жарлығының 68-тармағына сәйкес әзірлеу мерзімі 2024 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткеннен кейін жаңа стандарттарға сәйкес облыс қалаларының кешенді дизайн-жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

          Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 28 маусымда Абай облыстық мәслихатының кезекті сессиясында Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың жаңа қағидалары қабылданды.

Дата публикации
16 июля 2024
Дата обновления
16 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы