Меню

Страницы

Статья

Оқыту семинары – Абай облысы 2024 жылғы 13-14 маусым

2024 жылғы 13-14 маусым күндері Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы Көкпеті және Ақсуат аудандарында жоспарға сәйкес "Сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру" тақырыбында каскадты әдіспен оқыту семинарын өткізді.

Семинарға аталған аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері мен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары  қатысты.

Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар барысында Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен бірге тәжірибе алмасу мақсатында Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қуанышева Гүлжан Жақсыбайқызы баяндама жасап көп жылғы тәжірибиелерімен бөлісті.

Семинарда берілген теориялық білім, практикалық бөліммен, яғни кейстерді талдаумен жалғасып бекітілді.

Сондай-ақ облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері тыңдаушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.

Семинар соңында Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гульнар Талғатқызы Жігітбаева сайлау процессінің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасының заңын қатаң сақтау қажеттілігін атап өтті.  

Дата публикации
18 июня 2024
Дата обновления
18 июня 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы