Меню

Страницы

Статья

Оқыту семинары - Семей қаласы 2024 жылғы 16 сәуір

2024 жылғы 16 сәуір күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан құрылған Жаңасемей және Мақаншы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының қатысумен жоспарға сәйкес "Қазақстан Республикасында сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздері: өткізу ерекшеліктері мен кезеңдері" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға аталған аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар барысында Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары, хатшысы және мүшелері, сондай-ақ Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және хатшысы баяндама жасады.

Семинарды өткізу қорытындысы бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.

Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 апреля 2024
Дата обновления
17 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы