Меню

Страницы

Статья

Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

«Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Басшының орынбасары

Құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысу; басқарушылық шешімдерді дайындау және келісу; тапсырмалар мен іс-шаралардың орындалуын бақылау; мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ коммуналдық және энергетикалық сала субъектілерімен өзара іс-қимылға қатысу.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде объективтілік қағидаттарының бұзылу мүмкіндігі; жекелеген ұйымдарға негізсіз артықшылықтар беру; қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдделер үшін пайдалану; мүдделер қақтығысының туындауы.

Жоғары

Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы

Басқарманың әкімшілік және қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру; бюджет қаражатын жоспарлауға және пайдалануға қатысу; қаржылық және әкімшілік құжаттарды дайындау және келісу; мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу.

Жекелеген өнім берушілерді объективті емес таңдау немесе оларға негізсіз артықшылықтар жасау тәуекелі; бюджет қаражатын негізсіз жұмсау; қаржылық шешімдер қабылдау кезінде мүдделер қақтығысының туындауы; шығыстарды негізсіз келісу.

Жоғары

Даму бағдарламаларын перспективалық жоспарлау бөлімінің басшысы

Перспективалық жоспарлар мен даму бағдарламаларын әзірлеу және келісу; энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту жөніндегі іс-шаралар мен басымдықтар бойынша ұсыныстар дайындау; қаржыландыруға қажеттілікті айқындауға қатысу.

Жекелеген жобалардың немесе ұйымдардың мүдделерін ілгерілету; іс-шараларды бағдарламаларға негізсіз енгізу; негізсіз басымдықтарды белгілеу; қаржыландыруды жоспарлау кезінде жекелеген ұйымдарға артықшылықтар жасау.

Жоғары

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру; коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қатынастары салаларындағы іс-шараларды дайындауға және іске асыруға қатысу; коммуналдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Жекелеген ұйымдарға негізсіз артықшылықтар беру мүмкіндігі; өтініштерді объективті емес қарау; жекелеген тұлғалардың мүдделері үшін шешімдер қабылдау; мүдделер қақтығысының туындауы.

Жоғары

Энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы

Энергетиканы дамыту және энергия үнемдеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау; тиісті бағдарламаларды іске асыруға қатысу; энергетикалық кешен ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.

Жекелеген ұйымдардың мүдделерін ілгерілету; басым іс-шараларды айқындау кезінде объективтілік қағидаттарының бұзылуы; жекелеген субъектілерге артықшылықтар беру; объектілерді қабылдау кезінде мүдделер қақтығысының туындауы.

Жоғары

Сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы

Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы іс-шараларды дайындау және іске асыру; инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлауға қатысу; коммуналдық ұйымдармен және мердігерлермен өзара іс-қимыл жасау.

Жекелеген ұйымдарға артықшылықтар беру; жобалардың басымдықтарын объективті емес айқындау; іс-шаралар мен шығыстарды негізсіз келісу; объектілерді қабылдау кезінде мүдделер қақтығысының туындауы.

Жоғары

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
06 октября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Облыстық сайлау комиссиясында саяси партиялардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы