Меню

Страницы

Статья

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Өнеркәсіпті дамыту және индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы

Индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіреді. Жобаларды Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу туралы өтініштерді өтініш берушілерден тұрақты негізде қабылдайды

Индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіру және өтініштерді қарау кезінде субъективті шешім қабылдау, жекелеген өтініш берушілерге артықшылық беру, рәсімдерді негізсіз жеделдету немесе созу, сондай-ақ мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі

Орташа

Өнеркәсіпті дамыту және индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы

Өтініш берушілердің Индустрияландырудың бірыңғай картасына жобаларды енгізу туралы қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ұсынылған өтініштерін қабылдайды және қарайды

Өтініштерді объективті емес немесе біржақты қарау, жекелеген өтініш берушілерге артықшылық жасау, өтінішті қараудан негізсіз бас тарту немесе қарау мерзімдерін созу, сондай-ақ оң шешім қабылдағаны үшін заңсыз сыйақы алу тәуекелі

Орташа

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
07 октября 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы