Меню

Страницы

Статья

Абай облысының ветеринария басқармасы

        2026 жылғы ішкі талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі.

 

 


р/н

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Басқарма басшысы

Басқармаға жалпы басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады. Ветеринариялық дәрігерлердің негізгі бағыттары бойынша жұмысты қамтамасыз етуді, үрдістер мен көрсеткіштердің дамуын бақылайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары бойынша ветеринариялық мониторинг жүргізілуін бақылайды, аурулардың пайда болуына жол бермеу жөнінде шешімдер қабылдайды. Облыс бойынша індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді бақылайды. Ветеринария саласында облыс әкімдігіне арналған ақпараттар мен материалдардың дайындалуын бақылайды. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін ветеринариялық препараттарды сақтау мен жеткізуді ұйымдастыруды бақылайды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ветеринариялық пункттерде ветеринариялық іс-шаралардың жылдық жоспарларының, оның ішінде профилактикалық және диагностикалық жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылайды.

Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин аймағында ветеринариялық режим белгілеу, карантин режимін немесе шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылдайды және оларды жою жөніндегі шешім жобасын дайындайды. Ветеринария саласындағы озық тәжірибені зерделейді және оны таратуға қатысады. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жұмыс жүргізеді. Белгіленген талаптарға сәйкес менеджмент жүйесінде құжаттаманың сапалы жүргізілуін ұйымдастырады.

Басқарма басшысының лауазымы басшылық лауазым болғандықтан, жұмыс барысында әртүрлі бағыттар бойынша шешімдер қабылдауына тура келеді. Осыған байланысты шешімдер қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

2

Басқарма басшысының орынбасары

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының және Басқарманың қызметіне қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау. Облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттарды сақтау, тасымалдау (жеткізу) жұмыстарын ұйымдастыру, республикалық ветеринариялық препараттар қорын қоспағанда, оларды облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарына жеткізуді қамтамасыз ету.

Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, оларды профилактикалау және диагностикалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды облыстың қалалары мен аудандарына сақтау және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалардың, жұмыс жоспарларының, директивалық құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және бақылауды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының заңдарының, Президент Жарлықтарының, Президент пен Үкіметтің басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Абай облысы әкімдігінің қаулыларының, Абай облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Басқарманың қызметін ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыру.

Перспективалық, стратегиялық және ағымдағы қаржылық жоспарлардың, даму бюджеті мен ағымдағы бюджеттің жобаларын әзірлеуге басшылық жасау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды жүзеге асыру. Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік баяндамаларды дайындау жөніндегі жұмысты бақылау. Басқарма басшысы болмаған жағдайда өзара алмастыру схемасына сәйкес басшының және басшы орынбасарының міндеттерін атқарады. Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

3

Басқарма басшысының орынбасары

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңдарының, Президент Жарлықтарының, Президент пен Үкіметтің басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Абай облысы әкімдігінің қаулыларының, Абай облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.

Перспективалық, стратегиялық және ағымдағы қаржылық жоспарлардың, даму бюджеті мен ағымдағы бюджеттің жобаларын әзірлеуге басшылық жасау. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды жүзеге асыру. Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Басқарманың әкімшілік-құқықтық қамтамасыз етілуін, бухгалтерлік есепті және жоспарлауды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу қызметін ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне талдау және бағалау жүргізу. Бюджеттің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Қаржы қаражатының қозғалысын есепке алуды жүргізуді және қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептілікті жасауды бақылау, есептік құжаттаманың дұрыс жасалуы мен ресімделуін, оның уақтылы ұсынылуын және сыртқы әрі ішкі мақсаттарда пайдаланылуын бақылау.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді бақылау. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасау, қабылданған шешімдердің салдарына, ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына толық жауапкершілікпен қарау. Еңбек тәртібінің, еңбек тәртібі қағидаларының сақталуын, қызметкерлердің еңбек мотивациясын, бастамашылдығы мен белсенділігін дамытуды қамтамасыз ету.

Бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органның кадрлық мониторингін және кадрлық іс жүргізуді бақылау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды бақылау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік баяндамаларды дайындау жөніндегі жұмысты бақылау. Басқарма басшысы болмаған жағдайда өзара алмастыру схемасына сәйкес басшының және басшы орынбасарының міндеттерін атқарады. Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

4

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы

Жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп ұйымдастыру және ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асыру;

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес өнімдер мен жануарлардан алынатын шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді лицензиялау; Жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу; Облыстың жергілікті өкілді органына жануарларды ұстау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекітуге, сондай-ақ жануарларды ұстауға арналған санитариялық аймақтардың шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру; Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және ақпаратты процессингтік орталыққа беру; Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасын жүргізуді ұйымдастыру; Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Ветеринариялық есеп пен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну; Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру; Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу; Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау.

 

5

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау; Осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы аурулары ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдау; Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және олардың күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету; Мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүзеге асыру; Жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыру; Жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын олардың иелеріне өтеу; Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру; Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімдер шығару; Уәкілетті органмен келісу бойынша облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

 

Облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді үйлестіру; Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттарды сақтау, тасымалдау (жеткізу) жұмыстарын ұйымдастыру, республикалық ветеринариялық препараттар қорын қоспағанда; Эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеруді жүргізу; Эпизоотологиялық тексеру актісін беру; Ветеринариялық есеп пен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну; Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, оларды профилактикалау және диагностикалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру; Уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, биологиялық материалдан сынама алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының орындалуын қамтамасыз ету; Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Алдын алу және диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімдері жобаларын дайындау; Мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы мәліметтерді жинауды және оларды мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін деректерді (мәліметтерді) жинақтауды ұйымдастыру; Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және олардың күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету; Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау; Алдын алу және диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімдері жобаларын дайындау; Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу.

 

6

Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.

Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, ұйымның балансындағы мүліктің сақталуын бақылайды. Мемлекеттік орган қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органның стратегиялық және жедел жоспарларын іске асыру бойынша жұмысты жүргізеді. Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйымның құрылымы мен қызметінің ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай есеп саясатын қалыптастырады. Шоттардың жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысты басқарады, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операциялардың жүргізілуін бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясының және құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бюджет қаражатының жұмсалуына уақтылы талдау жүргізеді және қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы өтінімді уақтылы ұсынады, нәтижесінде жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы, жоспарды нақтылауды, мәслихат сессиясының шешімін, әкімнің қаулысын, сондай-ақ қазынашылық органдарындағы жоғары тұрған органдардың анықтамаларын рәсімдейді. Ұйымның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уәкілетті ұйымдарға уақтылы ұсынуды, есептілікті уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың, келіп түсетін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының есебін ұйымдастырады, олардың қозғалысына байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етеді. Құжаттарды ресімдеу мен аударудың заңдылығын, уақтылылығын және дұрыстығын, еңбекақы бойынша есеп айырысуларды, салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, зейнетақы және өзге де сақтандыру жарналарының, банктерге төленетін төлемдердің дұрыс есептелуі мен аударылуын қамтамасыз етеді. Қазынашылық органдарында жұмысты ұйымдастырады, ақша қаражатының қозғалысын уақтылы қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Абай облысы әкімдігінің сайттарында және басқа да ақпарат көздерінде ақпарат пен есептіліктің уақтылы орналастырылуын қамтамасыз етеді. Қаржылық есептілікті (баланстарды, пайда мен залал туралы есептерді, ақша қаражатының қозғалысы және капиталдағы өзгерістер туралы есептерді), кірістер мен шығыстар, бюджет қаражатын пайдалану туралы жедел жиынтық есептерді, бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептіліктің өзге де түрлерін жасауды қамтамасыз етеді, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынады және есептік ақпараттың объективтілігін қамтамасыз етеді. Басқарма қызметкерлеріне бухгалтерлік есеп, бақылау, есептілік және экономикалық талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Бухгалтерлік ақпаратқа сәйкес жедел және жиынтық есептер жасайды. Аудиторлық және салықтық тексерулер шеңберінде сұратылатын ақпаратты дайындайды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түгендеуге қатысады және оны жүргізуді қамтамасыз етеді. Жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді жүзеге асырады, жеке тұлғалардың құжаттарын жинайды және оларды заңнамаға сәйкес қарайды, жеке тұлғалармен есеп айырысуды жүргізеді. Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және уақтылы қайтарылуын есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады. Бағынысты ұйымдар бойынша есептілік пен ақпаратты жинауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Бөлімнің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын әзірлейді. Бөлімнің істер номенклатурасын жасайды, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, пікірлері, хабарламалары, сұрау салулары, ұсынымдары мен ұсыныстары, кіріс құжаттары және жоғары тұрған органдардың хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша уақтылы жауаптар мен ақпараттарды дайындайды және жолдайды. Басқарманың жоспарлау және мемлекеттік сатып алу жөніндегі жұмысын жүзеге асырады. Мемлекеттік орган қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органның стратегиялық және жедел жоспарларын іске асыру бойынша жұмысты жүргізеді. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, облыстың аудандары мен қалаларында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын ұйымдастырудың орындалуын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады, қажет болған жағдайда орындарға шығады, сондай-ақ жануарларды қорғаушылармен кездесулерді, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу мәселелері бойынша басшының халықпен кездесулерін ұйымдастырады. Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, оларды профилактикалау және диагностикалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, ветеринариялық препараттарды сақтауды, жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді және оларды Абай облысының аудандары мен қалаларына таратуды ұйымдастырады. Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған ұйымдарға, қаржы органдарына, банктерге және басқа да органдарға есептілік пен ақпаратты ұсынады. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалардың, жұмыс жоспарларының және директивалық құжаттардың сапалы әрі уақтылы орындалуын ұйымдастырады, қамтамасыз етеді және бақылайды. Бағынысты ұйымдармен жұмыс жүргізеді. Бағынысты ұйымдардың мемлекеттік тапсырыстарын қаржыландыруды жоспарлауды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бағынысты ұйымдар бойынша есептілік пен ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын әзірлейді. Бөлімнің істер номенклатурасын жасайды, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, бөлімде атқарушылық тәртіпті қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеу барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, пікірлері, хабарламалары, сұрау салулары, ұсынымдары мен ұсыныстары, кіріс құжаттары және жоғары тұрған органдардың хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша уақтылы жауаптар мен ақпараттарды дайындайды және жолдайды. Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
07 октября 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы