СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
|
Өңдеуші кәсіпорындарды субсидиялау Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу шығындарын субсидиялау кезінде субсидия нормативтерін айқындау тәртібіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде барлық өңірлер үшін бірыңғай субсидия нормативінің болмауына байланысты субсидия нормативтерін бұрмалау (негізсіз ұлғайту) тәуекелдері анықталды. |
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидия нормативтерін айқындаудың бірыңғай тәртібін белгілеу жөнінде ұсыныстар жолданды. Бұл шешім барлық өңірлерде біркелкі тәсілді қалыптастыруға және субъективті шешім қабылдау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Министрлікпен бұл ұсыныс қолдау таппады.
|
|
|
|
|
|
Инвестициялық субсидиялау Инвестициялық субсидиялау саласында тәуекел ретінде көшпелі тексерулер барысында мамандар тобының инвесторлардың (қызмет алушылардың) объектілерін қарап-тексеру кезінде кезектің болмауы анықталды. |
Тәуекелдерді азайту мақсатында көшпелі тексерулер барысында мамандар тобының тексеру актілеріне қол қою кезектілігін енгізу туралы ұсыныс енгізіледі. |
|
|
|
|
|
Мал шаруашылығын субсидиялау Мал шаруашылығын субсидиялау бағытында жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Талдау нәтижесінде бал ара шаруашылығын субсидиялау кезінде бал ара ұяларының нақты көрсеткіштердің дұрыстығын объективті тексерудің жеткіліксіздігі анықталды. |
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөп шығындарын субсидиялау нормативтерін есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу қажеттілігі туралы ұсыныс жіберу қажет. |
|
|
|
|
|
Өсімдік шаруашылығын субсидиялау Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекттік қызметтер (тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау, пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау, сондай-ақ тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бекітілген қағидаларына сәйкес толық автоматтандырылған тәртіпте «GOSAGRO.KZ» мемлекеттік цифрлық субсидиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ішкі талдау барысында аударым өтінімі тетігін пайдалану кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен өнім жеткізуші арасында негізсіз келісімге келу тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, Басқарма аударым өтінімдерін жер учаскелері туралы мәліметтер негізінде ғана растайды, ал нақты жеткізілген өнім көлемі мен оның дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қолданыстағы жүйеде шектеулі.
|
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялау қағидаларын жетілдіру, бақылау тетіктерін күшейту және аударым өтінімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізілді. Қазіргі уақытта аталған ұсыныстар салалық министрліктің қарауында. Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіру және субсидиялау тетіктері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту көзделген.
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне жүргізілген талдау барысында шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімдерінің сақталуына қатысты тәуекелдер анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Алайда порталдың функционалдық ерекшеліктеріне байланысты аталған мерзімнің бұзылу жағдайлары мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің созылуына әкелуі мүмкін.
|
Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалын жетілдіру, міндеттемелер уақытылы орындалмаған жағдайда шартты автоматты түрде бұзу және өнім берушіні жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу тетігін қарастыру жөнінде ұсыныстар әзірленді. (Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мерзімінде енгізбеген жағдайда, шартты бұзу және оны жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты енгізу тетігін енгізу ұсынылады)
|
|
|
|