СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
|
Тексерілетін субъектінің тексеру жүргізу туралы хабарламаны алудан және оған қол қоюдан бас тартуын құжат жүзінде ресімдеу тәртібінің нормативтік тұрғыдан белгіленбеуі, бұл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесінде тексеруді тіркеуді қиындатады |
Уәкілетті мемлекеттік органға тексерілетін субъектінің тексеру жүргізу туралы хабарламаны алудан және оған қол қоюдан бас тартуын құжаттық ресімдеу тәртібін (тиісті акт жасау, фото және бейнетіркеу құралдарын немесе өзге де дәлелдеу тәсілдерін пайдалану мүмкіндігін), сондай-ақ мұндай жағдайларда тексерулерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесінде тіркеу мәселесін реттеуді көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдау |
ӨҚМ хат жолдау |
|
Желтоқсан 2026 жыл |
|
|
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделілігіне байланысты ықтимал мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі |
Мемлекеттік қызметшілердің мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету; Мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
|
|
Ай сайын |
|
|
Инспекторлардың бақылау іс-шараларын жүргізуі құрылыс субъектілерінің өкілдерімен тұрақты тікелей байланыста болуды көздейді. Оның нәтижесінде инспектор мемлекеттік ден қою шараларын және әкімшілік жауапкершілік қолдану туралы шешімдерді дербес қабылдайды. Аталған жағдайлар лауазымды тұлғаның тексерілетін субъектілермен тікелей өзара іс-қимылы салдарынан ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін |
Тексерулер жүргізу барысында фото және бейнетіркеу құралдарын барынша қолдануды қамтамасыз ету; Қабылданатын шешімдердің заңдылығына ведомстволық бақылау жүргізу тәжірибесін жалғастыру |
|
|
Ай сайын |