СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы және 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша бюджет қаражатын мемлекеттік сатып алу саласында жымқыру фактісі бойынша «Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай колледжі» КММ мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері Долдин Е.А. мен «Семей қаласы білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» КМҚК меңгерушісі Мурзабаева Г.К.-ға қатысты №261000131000017 қылмыстық іс тергелуде.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2023 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде «Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай колледжі» КММ мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері Долдин Е.А. «Гайнулина Э.С.» ЖК өкілі Назмутдинов Т.Ш.-мен алдын ала сөз байласа отырып, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша іс жүзінде жеткізілмеген азық-түлік өнімдері үшін төлем құжаттарын алаяқтық жолмен рәсімдеуді қамтамасыз еткені анықталды.
Соның салдарынан 2023–2025 жылдар аралығында «Гайнулина Э.С.» ЖК-не негізсіз түрде 1 807 176,84 теңге көлемінде бюджет қаражаты аударылған.
Осыған ұқсас тәсілмен «Семей қаласы білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» КМҚК меңгерушісі Мурзабаева Г.К. 2024 жылғы маусымнан 2025 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде аталған жеткізуші өкілімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша азық-түлік өнімдерінің толық көлемде жеткізілмегенін нақты біле тұра, жеткізушінің шарттық міндеттемелерді толық орындағаны туралы құжаттарға қол қойып, оларды растаған. Осы құжаттардың негізінде іс жүзінде жеткізілмеген тауарлар үшін бюджет қаражаты төленген.
Нәтижесінде 2024–2025 жылдар аралығында «Гайнулина Э.С.» ЖК-не негізсіз түрде 1 779 739,43 теңге көлемінде бюджет қаражаты аударылған.
Кейіннен көрсетілген қаражат Долдин Е.А., Мурзабаева Г.К. және «Гайнулина Э.С.» ЖК өкілі Назмутдинов Т.Ш. арасында бөлінген.
Аталған заң бұзушылықтардың салдарынан Долдин Е.А. мен Мурзабаева Г.К.-ның сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жағдай жасалып, мемлекетке жалпы сомасы 3 586 916,27 теңге көлемінде материалдық залал келтіріліп, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірілген. |
Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталын ерекше бақылауға алу |
бұйрық |
|
2026 жылғы III тоқсан |
|
2 |
ҚР ҰҚК Абай облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 41-09/830ҚЕ хатына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында № 261045011000001 қылмыстық ісі бойынша Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Қарабұта орта мектебі» КММ-нің есепшісі С. А. Закариянованың мемлекет қаражатын жымқыру фактілері анықталды.
Анықталғандай, 2022 жылғы қыркүйек айынан 2026 жылғы қаңтар айына дейінгі аралықта С. А. Закариянова мемлекет қаражатын жымқыру арқылы 16 579 893 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.
Осыған байланысты С. А. Закариянова ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары және 190-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша күдікті деп танылды.
Қазіргі таңда С. А. Закарияноваға қатысты № 1046-26-00-1/13 қылмыстық іс Мақаншы аудандық сотының өндірісінде қаралуда. Келтірілген материалдық залал жергілікті бюджетке толық көлемде өтелді. |
ҚПК-нің 382, 387-390, 393, 395-398, 402, 404, баптарын басшылыққа алып, сот ҮКІМ ЕТТІ:
С. А. Закариянова ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1), 4) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, мүлкін тәркілеусіз, оны осы баппен меншік нысанына қарамай қаржылық-бухгалтерлік және мүліктік жауаптылықпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 6 (алты) жыл мерзімге айыра отырып, 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын.
«Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау» туралы Заңының 2-бабының 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес тағайындалған негізгі жаза мерзімі үштен бір бөлігіне қысқартылсын және түпкілікті мүлкін тәркілеусіз, оны осы баппен меншік нысанына қарамай қаржылық-бухгалтерлік және мүліктік жауаптылықпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 6 (алты) жыл мерзімге айыра отырып, 2 (екі) жыл 4 (төрт) айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын және осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленсін.
С. А. Закарияноваға ҚК-нің 44-бабының негізінде жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде, 2 (екі) жыл 4 (төрт) ай мерзімге пробациялық бақылау жүктелсін, яғни олардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау; белгілі бір орындарға, яғни құмар ойын-сауық орындарына, алкогольдік ішімдік ішілетін жерлерге бармау; психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта қолданбау; тұрақты жұмысы немесе оқуы болмаған кезде бір ай ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда жұмыссыз ретінде тіркелу; түнгі уақытта, яғни сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғылықты мекен-жайынан кетпеу және оның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрғылықты тұратын Семей қаласы шегінен тыс жерлерге шықпау жүктелсін.
С. А. Закариянова жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 (бір жүз сағат) мәжбүрлі еңбекке тартылсын.
С. А. Закарияноваға үкім заңды күшіне енгеннен кейін он күн мерзімде тұрғылықты мекен-жайы бойынша пробация қызметіне есепке тұру үшін баруы міндеттелсін. С. А. Закариянованың мінез-құлқын бақылау оның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасы ҚК-тің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес, С. А. Закарияноваға бас бостандығын шектеуді өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудiң бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілсін.
Сотталған С. А. Закариянованың жаза өтеу мерзімі есепке тұрған күннен бастап есептелсін. Сотталған С. А. Закарияновадан жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 86 500 (сексен алты мың бес жүз) теңге мәжбүрлі төлем өндірілсін.
Сотталған С. А. Закарияноваға қатысты қолданылған ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық қолхаты түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгеннен кейін жойылсын. |
|
|
|
|
3 |
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.
Талап қоюшы Н.Н. Нұрханова Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысты әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінген.
Талап қоюда жауапкердің 2026 жылғы 6 мамырдағы №398 жауап хатын және әрекеттерін заңсыз деп тануды, өз өтініші бойынша толық әрі объективті тексеру жүргізуді, сондай-ақ мектеп директорының әрекеттеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптары тұрғысынан құқықтық баға беруді міндеттеуді сұраған.
Н.Н. Нұрханова Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мұғалім болып жұмыс істейді.
Талап қоюдың негізіне аталған мектеп директоры К. Омаровтың жұбайы А. Омарованың сол білім беру ұйымында жұмыс істеуі себеп болған. Талап қоюшының пікірінше, бұл жағдай мүдделер қақтығысының туындауына әкелуі мүмкін.
Жауапкер 2026 жылғы 6 мамырдағы №398 жауап хатында А. Омарованың аталған мектепте жұмыс істеуіне заңнамада қандай да бір кедергі көзделмегенін көрсеткен.
Осы жауаппен келіспеген Н.Н. Нұрханова сотқа жүгінген.
Қазіргі уақытта аталған әкімшілік іс Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісінде қаралуда.
|
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесін ерекше бақылауға алу |
есеп |
|
2026 жылғы III тоқсан |
|
4 |
2025 жылғы 12 желтоқсанда сот Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» ММ бас есепшісі А.Б. Байсадыковаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы және Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК директоры С.Е. Масалимовке қатысты ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі – 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық істі қарады.
Соттың қаулысымен аталған тұлғаларға қатысты іс амнистия актісін қолдануға байланысты тоқтатылып, олар қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатылды.
Байсадыкова А.Б. ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты, яғни қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікті жымқыру (алаяқтық) қылмысын жасаған.
Масалимов С.Е. ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі – 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты, яғни қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікті жымқыруға жәрдемдесу қылмысын жасаған.
Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке, Абай облысының білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» ММ атынан, 3 000 000 (үш миллион) теңге мөлшерінде залал келтірілген.
ҚР ҚПК-нің 405-бабын басшылыққа ала отырып, сот ҚАУЛЫ ЕТТІ: Абай облысының білім басқармасында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы, жеке қаулыда көрсетілген мән-жайлар бойынша, тиісті жауапкершілік шараларын қабылдау және мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министріне жеткізілсін.
2026 жылғы 12 қаңтардағы № 01-04/26 бұйрыққа сәйкес орталықтандырылған бухгалтерияның бас экономисті А.Б. Байсадыкова орталықтандырылған бухгалтерияның есепші қызметіне ауыстырылды.
2026 жылғы 12 қаңтардағы № 01-04/27 бұйрыққа сәйкес Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК директоры С.Е. Масалимов 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап өз еркімен жұмыстан босатылды. |
2026 жылғы 12 қаңтардағы № 01-04/26 бұйрыққа сәйкес орталықтандырылған бухгалтерияның бас экономисті А.Б. Байсадыкова орталықтандырылған бухгалтерияның есепші қызметіне ауыстырылды.
2026 жылғы 12 қаңтардағы № 01-04/27 бұйрыққа сәйкес Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК директоры С.Е. Масалимов 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап өз еркімен жұмыстан босатылды.
|
|
|
|
|
5 |
Абай облысы білім басқармасы басшысының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 01-031580 бұйрығына сәйкес комиссия құрылып, колледждердің, оның ішінде коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың қызметтеріне зерделеу жүргізілді. Зерделеу барысында қызметтік және қаржылық құжаттар, жеке құрам бойынша бұйрықтар, қызметкерлердің жеке істері, ақылы топтар мен курстардан түскен қаражаттың жұмсалуы талданды. Колледждерді қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаттары арқылы жүзеге асырылады, олар еңбекақы төлеуге, материалдық-техникалық базаны ұстауға, сондай-ақ студенттерге стипендия төлеуге бағытталған. Қаржыландырудың негізгі түрлеріне оқу ақысын және студенттерге берілетін мемлекеттік стипендияларды қамтитын бюджеттік орындар (гранттар) жатады. Қосымша ретінде аталған колледждер коммерциялық топтарды ақылы оқыту және білім беру қызметтерін (курстар және т.б.) көрсету арқылы бюджеттен тыс қаражат тартқан. Осы қосымша қаражаттардың тиімді жұмсалуына талдау жасай келе Абай облысы білім басқармасының «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» КМҚК біраз кемшіліктерді анықталды. 2024 жылы ақылы қызметтерден 21 021,3 мың теңге түскен. 2025 жылдың 10 айында түскен сома – 13 749,2 мың теңге. Арнайы шоттан жұмсалатын қаражат штаттық кестеге (01.01.2025 ж. жағдай бойынша) және тарификациялық тізімге сәйкес еңбекақы төлемдерін, салықтарды және басқа да төлемдерді (жеткізушілер және т.б.) өтейді. Сонымен қатар арнайы шот есебінен қызметкерлерге «бюджеттен тыс қаражаттан қосымша ақы» төленеді: · әкімшілік персонал – 9 адам, айына 2 794,5 мың тг; · негізгі персонал – 2 адам, айына 276,6 мың тг; · әкімшілік-шаруашылық персонал – 6 бірлік, айына 1 215,9 мың тг. Айына жалпы қосымша ақы сомасы – 4 287,1 мың тг, жылына – 51 445,2 мың тг. Сондай-ақ тарификация бойынша педагогтарға бюджеттен тыс қаражаттан айына 179,5 мың тг төленеді, бұл жылына 2 154,9 мың тг құрайды, оған қоса жылдық салық төлемдері – 256,2 мың тг. Бюджеттен тыс қаражат есебінен штаттық кесте бойынша еңбекақы төлемдері және қосымша ақыларды ескере отырып жылына – 23 459,1 мың тг жұмсалады. Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, бюджеттен тыс қаражаттан жалпы жылдық шығындар: · қосымша ақылар – 51 445,2 мың тг; · ақылы топтардың педагогтарына тарификация бойынша – 2 411,1 мың тг; · негізгі штаттан тыс қабылданған қызметкерлердің еңбекақысы – 23 459,1 мың тг. Жылдық жалпы шығын – 77 315,4 мың тг. Колледждің ұжымдық шарты және төлемдердің ерекшеліктері Колледжде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 156-бабына сәйкес ұжымдық шарт жасалған. Ұжымдық шарттың тараптары – белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген өкілдер арқылы жұмыс беруші мен қызметкерлер болып табылады. 2025 жылғы 12 наурыздағы ұжымдық шарт колледж директоры О.И. Сартаев пен қызметкерлердің өкілі Ю.С. Назаров арасында жасалған. Шартта қызметкерлерге берілетін кепілдіктер, өтемақы төлемдері және сыйақы беру тәртібі қарастырылған. Ұжымдық шартқа сәйкес, қызметкерге жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы берілген кезде, жеке өтініші негізінде жылына бір рет сауықтыруға арналған материалдық көмек төленуге тиіс. Сонымен қатар, қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар аясында бұл көмекке қаражат қарастырылмағандықтан, оны нақты төлеу әкімшілік кедергілерге тап болуы мүмкін, бұл өз кезегінде оның іске асырылуына шектеу қояды. Ұжымдық шартта сыйақы берудің бірнеше түрі белгіленген: - қызметкерлерге мерейтойлық жасына (50–75 жас) байланысты – үш базалық мөлшер; - колледждің еңбек сіңірген демалыстағы зейнеткерлері мен ардагерлеріне мерейтойлық жасына (40–95 жас) байланысты – мерейтой жасына сәйкес келетін сома (мысалы, 70 жас – 70 000 теңге); - зейнет жасына жеткен штаттық қызметкерлерге, сондай-ақ колледждің зейнеткерлері мен ардагерлеріне Қарттар күніне орай – колледж басшылығы белгілеген сома; - негізгі жұмыс орны бойынша штаттық қызметкерлерге – колледж басшылығы белгілеген сома. 2) Құрметті атақтар үшін сыйақылар: - «Колледждің құрметті қызметкері»: біржолғы сыйақы – 50 000 теңге, ай сайынғы төлем – 5 000 теңге; - «Колледждің еңбек сіңірген қызметкері»: біржолғы сыйақы – 100 000 теңге, ай сайынғы төлем – 10 000 теңге. Алайда, колледждің басшы және өзге де қызметкерлерін сыйақылау еңбекақы төлеуге арналған және колледждің даму жоспарында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Сонымен бірге, ұжымдық шартта көзделген жекелеген сыйақы түрлері мен материалдық көмек іс жүзінде жүзеге асырылмауы мүмкін, себебі тиісті қаражат облыстық бюджетте қарастырылмаған. Осылайша, нақты төлемдер бюджеттік қаражаттың болуына және мүмкін болатын әкімшілік рәсімдерге байланысты шектелуі мүмкін, бұл олардың жүзеге асырылуына кедергі келтіреді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен колледж қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес қосымша төлемдер мен сыйақылар төленеді. Мұндай төлемдер белгілі бір лауазымдық міндеттерді орындағаны үшін немесе қызметкерлерді ынталандыру мақсатында, сондай-ақ мерекелік және өзге де атаулы күндерге орай қарастырылған. |
ұжымдық шарттың төлемдерге қатысты ережелерін қайта қарау ұсынылады, яғни материалдық көмек пен сыйақылар тек қаражат болған жағдайда және бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу арқылы жүзеге асырылатыны нақты көрсетілуі тиіс. |
|
|
|
|
6 |
Жыл ішінде құрылымдық бөлімшелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша ақпарат ұсыну мерзімдерінің бірыңғай тәртіппен бекітілмеуі. («Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК)
|
Құрылымдық бөлімшелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін колледж директорының бұйрығымен бекіту. |
Директордың бұйрығы
|
- |
2026 жылғы 2-тоқсан |
|
7 |
Ауызша түрде өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау кезінде студенттердің жауаптарын бағалау критерийлерінің айқындалмауы, бұл бағалауда субъективтілікке әкелуі мүмкін. («Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК)
|
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауызша өткізілетін аралық аттестаттауда студенттердің жауаптарын бағалаудың бірыңғай критерийлерін әзірлеу, оларды пәндік-циклдік комиссия деңгейінде бекіту және емтихан басталғанға дейін педагогтер мен студенттердің назарына жеткізу. Талдау анықтамасымен таныстым. |
Әдістемелік ұсынымдар |
- |
2026 жылғы 3-тоқсан |