СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру қағидаларында оператордың балалардың сабаққа нақты қатысуын тексеру тетігінің болмауы, жалған табельдер арқылы бюджет қаражатының негізсіз төлену тәуекелі. |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне №122 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдау, Face ID және QR-код арқылы қатысуды тіркеу тетігін енгізу, оператордың бақылау өкілеттігін күшейту. |
ҚР МАМ-ға ұсыныс хат жолдау және НҚА-ға өзгерістер енгізу. |
|
Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны |
|
2 |
Қызмет көрсетушінің мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысу туралы өтініште көрсеткен мекенжайы мен сабақтардың нақты өткізілетін орнының сәйкес келмеуі. |
Қызмет көрсету мекенжайын міндетті түрде растау және тұрақты мониторинг жүргізу, анықталған бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын енгізу. |
НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс және мониторинг тәртібін күшейту. |
|
Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны |
|
3 |
Қызмет көрсетушілердің кінәсінен ваучерлердің заңсыз архивтелуі немесе жойылуы салдарынан балалардың тегін қызмет алу құқығының бұзылу тәуекелі. |
Архивтелген ваучерлерді қалпына келтіру тетігін көздеу және ақпараттық жүйеде қайта белсендіру мүмкіндігін енгізу. |
НҚА әзірлеушісіне ұсыныс енгізу. |
|
Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны |
|
4 |
Мемориалдық тақталарды орнату және күтіп-ұстау тәртібінің заңнамалық деңгейде нақты регламенттелмеуі, заңсыз орнатылған мемориалдық тақталар үшін жауапкершіліктің болмауы. |
Мемориалдық тақталарды орнату және күтіп-ұстау қағидаларын қайта қарау, бағалау өлшемшарттарын белгілеу және заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу туралы ұсыныс жолдау. |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс хат жолдау. |
|
Ағымдағы жылдың 3-тоқсаны |