СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы *Ұсынымдар басқа мемлекеттік органға жолданған жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Мемлекеттік сатып алу шарттарын бір көзден алу тәсілімен жасасу |
Бәсекелестік орта болған жағдайда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдануды барынша азайту. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету |
Ведомстволық бағынысты мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік сатып алу саласындағы біліктілігін арттыру |
|
Тұрақты негізде |
|
2 |
Жұмыс берушінің жақын туыстарын субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға шектеулердің болмауы |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне №275 Қағидаларда жұмыс берушінің жақын туыстарын субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға шектеу қоюды немесе мұндай жұмысқа орналастыруға жол берілетін жағдайларды айқындауды көздейтін ұсыныс жолдау. Жұмыс берушінің мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы міндетті түрде декларациялау тетігін енгізуді ұсыну. Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда, мансап орталықтарына тиісті мәліметтерді тексеру және мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тарту құқығын беруді ұсыну. |
ҚР ЕжХӘҚМ жолданатын шығыс хат |
|
2026 жылғы қыркүйек айының соңына дейін |
|
3 |
Қандастар мен қоныс аударушыларға экономикалық мобильділік сертификатын беру кезінде тұрғын үйдің бағалау құнының дұрыстығын тексеру тетігінің болмауы |
ҚР ЕжХӘҚМ-не Қағидалардың 67-тармағына сатып алынатын тұрғын үйдің бағалау құнының дұрыстығын тексеру тетігін көздейтін толықтыру енгізу туралы ұсыныс жолдау. |
ҚР ЕжХӘҚМ жолданатын шығыс хат |
|
2026 жылғы қазан айының соңына дейін |
|
4 |
«Қандас» мәртебесін беру (ұзарту) кезінде шетелдік құжаттардың түпнұсқалығын растау тетігінің болмауы |
ҚР ЕжХӘҚМ-нің Көші-қон комитетіне қандас мәртебесін беру қағидаларына құжаттарды апостиль қою арқылы немесе консулдық заңдастырудан өткен түрде ұсыну туралы талап енгізу жөнінде ұсыныс енгізу. |
ҚР ЕжХӘҚМ-нің Көші-қон комитетіне жолданатын шығыс хат |
|
2026 жылғы қазан айының соңына дейін |
|
5 |
Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын формалдандырылған рәсімнен тыс бөлу |
ҚР ЕжХӘҚМ-не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қосымша квотаны жұмыс берушілер арасында бөлудің формалдандырылған рәсімін бекіту туралы ұсыныс жолдау. |
ҚР ЕжХӘҚМ жолданатын шығыс хат |
|
2026 жылғы қыркүйек айының соңына дейін |
|
6 |
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде шетелдік жұмыскерлердің білімі мен еңбек өтілін растайтын құжаттардың дұрыстығын тексеру тетігінің болмауы |
ҚР ЕжХӘҚМ -не шетелдік жұмыскерлердің білімі мен еңбек өтілін растайтын заңдастырылған құжаттарды ұсыну туралы талапты бекіту жөнінде ұсыныс енгізу. |
ҚР ЕжХӘҚМ жолданатын шығыс хат |
|
2026 жылғы қыркүйек айының соңына дейін |
|
7 |
АӘК тағайындау кезінде алимент бойынша берешек туралы, сондай-ақ өтініш берушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтермен автоматтандырылған ақпарат алмасудың болмауы, бұл ретте мемлекеттік ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болған жағдайда қағаз түріндегі анықтамалар мен өзге де растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігінің сақталуы. |
ҚР ЕжХӘҚМ-не «Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылын жетілдіру, оның ішінде алимент бойынша берешек (міндеттемелерді орындау) және өтініш берушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтермен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және оларды өзектендіруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша хат жолдау. |
ҚР ЕжХӘҚМ жолданатын шығыс хат |
|
2026 жылғы қазан айының соңына дейін |
|
8 |
Қызмет алушы мен жеке тапсырыс бойынша дайындалатын техникалық оңалту құралдарын жеткізуші арасында олардың құнын айқындау кезінде баға бойынша сөз байласу тәуекелі |
ҚР ЕжХӘҚМ-не №287 бұйрыққа протездік-ортопедиялық, сурдопротездік көмек пен арнайы жүріп-тұру құралдарының орташа құнын айқындау тетігін көздейтін толықтырулар енгізу туралы ұсыныс хат жолдау. |
ҚР ЕжХӘҚМ жолданатын шығыс хат |
|
2026 жылғы қараша айының соңына дейін |
|
9 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын тауарларды нақты алғанын және пайдаланғанын кейіннен бақылаудың болмауы |
ҚР ЕжХӘҚМ-не тауарларды ұсыну тәртібіне кейіннен бақылау жүргізу тетігін көздейтін толықтырулар енгізу туралы ұсыныс хат жолдау, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша іріктеп тексеру жүргізу, тексеру актісін жасау және фотофиксация жүргізу, әлеуметтік қызметкерді тарту, сондай-ақ тауардың нақты берілгенін растау тетігін енгізу. |
ҚР ЕжХӘҚМ жолданатын шығыс хат |
|
2026 жылдың соңына дейін |