Меню

Страницы

Статья

Кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Абай облысы бойынша  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

 

2024 жылғы 31 наурызда Абай облысында 7 сайлау округтарыңда, Курчатов қаласында, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Жарма және Үржар аудандарыңда болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында 22 - кандидат ұсынылды. Оның 6 - і саяси партиялар, 16 - і өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 17 – ер адам және 5 – әйел адам.

9 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 13 партияға тиесілдігін көрсетпеген.

Орташа жас - 37 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 3 этнос өкілдері бар.

19 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.

Кандидаттардың 15 мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда; 3 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды;  2 - уақытша жұмыс істемейтіндер,  2 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 10 кандидатты тіркеді.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 30 наурыз  күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Сілтемелер:

  1. Курчатов қаласы;
  2. Ақсуат ауданы;
  3. Аягөз ауданы;
  4. Бесқарағай ауданы;
  5. Жарма ауданы;
  6. Үржар ауданы.

Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы