Меню

Страницы

Статья

Бесқарағай ауданының сайлау учаскелеріне бару

Екі күн ішінде төраға Г. Т. Жігітбаева бастаған облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауы өтетін Бесқарағай ауданның барлық ауылдық округтерінде болды.

Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясына барып, әрбір  сайлау учаскесінде болып және сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті.

ОСК және УСК мүшелері өз жұмыстары туралы айтып, өз ұсыныстарын енгізді, ал облыстық комиссия мүшелері сайлау өткізуге және комиссия мүшелерінің іс-әрекеттеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.

Сайлау учаскелеріне барудың басты мақсатының бірі түгендеу жүргізу болды. Маңдайшалардың, мемлекеттік рәміздердің, дауыс беруге арналған сайлау жәшіктері мен кабиналарының, мүгедектігі бар тұлғалар үшін жағдайлардың болуы мен жай-күйі, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымның деңгейі тексерілді.

Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесу қорытындысы бойынша Бесқарағай ауданының басшылығымен проблемалық мәселелер талқыланды.

Бесқарағай ауданына барудың қорытындысы бойынша сайлау комиссияларының мүшелерімен оқыту семинары өткізілді.

Семинарда тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізуге байланысты мәселелер талқыланды. Әсіресе практикалық жұмысқа көп көңіл бөлінді.

Осы бағыттағы жұмыс Абай облысының басқа аудандарында да жалғасатын болады.

Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы