Меню

Страницы

Статья

Оқыту семинары - Семей қаласы 2024 жылғы 25-26 қаңтар

2024 жылғы 25-26 қаңтарда Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы облыстық маңызы бар қалалары және аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының қатысумен жоспарға сәйкес "Қазақстан Республикасында сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздері: өткізу ерекшеліктері мен кезеңдері" тақырыбында оқыту семинар-кеңесін өткізді.

Семинар-кеңесте қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгітті жүргізу егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар даулы жағдайларда сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттері бойынша практикалық сабақпен аяқталды.

Семинар-кеңесті өткізу қорытындысы бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.

 

Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы