Абай облысы көлік-логистикалық тұрғыдан қолайлы жерде орналасқан, бұл көршілес өңірлер және Қытай, Ресей елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді. Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайту үшін тиісті көлік инфрақұрылымын құру қажет.
Биыл 758 шақырым жолда және 3 көпірде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Абай облысын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында Семей қаласында жаңа көпірдің құрылысы жалғасуда. Жаңа өткел салынғаннан кейін мультипликативті нәтижеге қол жеткізіледі деп күтілуде: негізгі көшелердегі кептелістер жойылып, қаланы жүк тасымалдауға арналған транзиттік хабқа айналдыру жұмыстары жалғасады, жол қозғалысының эргономикасы жақсарып, логистика жеңілдетіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұзындығы 272 шақырымды құрайтын «Бақты-Аягөз» теміржол желісін салудың ТЭН-і әзірленді.
Қазіргі уақытта Абай облысында құрылыс қарқынды жүріп жатыр, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік құрылыс дамып келеді.
2023 жылы қаржыландырудың барлық көздерін пайдалана отырып, жалпы ауданы 279,2 мың шаршы метрді құрайтын 55 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Сондай-ақ Абай облысында жұмыс істейтін жастарға арналған «Абай жастары» өңірлік ипотекалық несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылды.
Осы жылдың 11 айында облыстың қала және аудан әкімдіктерімен 636 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Жылу көздері мен жылу желілерін қайта құру бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ жоспарланып отырған ЖЭО-3 құрылысы Семей қаласы мен облыс тұрғындарын жылумен қамтамасыз етудің көп жылдық мәселесін шешетін болады.
Бір жарым жыл бұрын құрылған Абай облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің жүйелі түрде артып келе жатқанын атап өтуге болады, өңірде әлеуметтік маңызы бар барлық салаларға, сонымен қатар абаттандыруға көңіл бөлініп отыр. Жоспарланған және қазірдің өзінде іске асырылған жобалар халықтың тұрмыс деңгейін жақсарта алады. Өңірдің 2023 жылғы даму қорытындылары облыстың қайта өрлегенін көрсетеді.