Меню

Страницы

Статья

Мәдениет

             2023 жылы аудандық және ауылдық мәдениет мекемелерінде 600- жуық іс-шара, облыстық мекемелерде 1500- жуық мәдени-бұқаралық және ағартушылық іс-шаралар өткізіледі.. Мысалы, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы, Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы, Шәкәрім Құдайбердиевтің 165 жылдығы, Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығы, белгілі диктор Әнуарбек Байжанбаевтың, әнші Бекен Жылысбаевтың 100 жылдығы және т.б. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония жанынан эстрадалық-симфониялық оркестр құрылады. Бүгінгі таңда оркестр құрамына музыканттарды қабылдау" жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар 2023 жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Үржар ауданы Таскескен, Мақаншы, Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдарындағы ауылдық клубтарды күрделі жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ Үржар ауылында мұражай салуға және Ақсуат ауданы Көкжыр ауылында ауылдық клуб салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Ауылдық клубты орналастыру үшін Бородулиха ауданы Бел-агаш ауылындағы жаңа ғимаратты сатып алу жоспарлануда.

Тағы бір айта кететін маңызды мәселе үстіміздегі жылы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің ғимаратының жылыту және өрт сөндіру жүйесін күрделі жөндеу, облыстық тарихи-өлкетану музейінің шатырын күрделі жөндеу, Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония ғимаратының сумен жабдықтау және кәріз жүйесін күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы" КМҚК филиалының салтанатты ашылуы өтеді.

Мемлекеттік қызмет алушының өтініші бойынша жеке тәртіппен көрсетілетін жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ және облыстың архив мекемелері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

          «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген, 2021 жылғы 19 қазандағы №312 өзгерістерімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ережесін басшылыққа алады.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғаларына, жақын және алыс шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына көрсетіледі.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша архивтік құжаттар негізінде көрсетіледі: еңбек өтілін және жалақы мөлшерін, жасын, білімі мен біліктілігін растау, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, емделуде, қамау орындарында, эвакуациялау мен оңалтуда, экологиялық апат аймақтарында тұруда, азаматтық хал актілерінде, мүліктік құқықта болу.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі тегін негізде көрсетіледі.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

«Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдау және нәтижелерді беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2)Мемлекеттік корпорация (МК);

2) веб-портал «электрондық үкімет».

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы::

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері қоса беріледі;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін), өкілеттіктерін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде нотариат куәландырған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы сәйкестендіру үшін жеке куәліктің көшірмесін жасайды, содан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады).

Көрсетілетін қызметті алушы пошта арқылы жүгінген кезде:

Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қойған, өтініш беруші туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жері, байланыс телефондары, заңды тұлға үшін – оның атауы, заңды мекенжайы) көрсетілген және сұратылған мәліметтерді іздеу үшін қажетті деректері бар еркін нысандағы өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері қоса беріледі;

Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін) және заңды тұлға үшін – өкілеттіктерін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариат куәландырған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде).

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, қызметкер Мемлекеттік корпорация «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «Электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «Электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады;

порталға:

электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған.

Болған жағдайда өтінішке сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорациядан құжаттар келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін                 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы хабардар етеді.

2022 жылы 4-тоқсанда Абай облысының архивтерінде жеке және заңды тұлғаларға 7667 қызмет көрсетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттеріне 7261 қызмет, жақын және алыс шетелдердің азаматтарына 406 қызмет көрсетілді

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Облыстың мемлекеттік архивтерімен 2021 жылы: 12 семинар-кеңес өткізілді, 53 мақала жарияланды (облыстық газет, аудандар (қала) газеттері).

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық пен бизнес арасында электрондық қызметтерді танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша полиграфиялық материалдар (буклеттер, үнпарақтар, жадынамалар) әзірленді, сондай-ақ мемлекеттік ұйымға электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген кезде бір реттік парольдің көмегімен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» буклеттері әзірленді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және бақылауда болады.

Дата публикации
11 января 2024
Дата обновления
11 января 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы