Меню

Страницы

Статья

Абай облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 19 сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңестегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 12 желтоқсанында «Абай облысының азаматтарын қабылдау орталығы» жобасын кеңейту туралы №1 бірлескен бұйрық бекітілді.

 

Орталық «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын енгізу жөніндегі жұмыстың заңды жалғасы болып табылады. Бұл қадам мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының анағұрлым ашық болуына мүмкіндік береді. Орталық жергілікті атқарушы органдардың халықпен өзара іс-қимылын арттырып, азаматтардың сұрақтары мен өтініштерін шешуге жағдай жасайды.

 

 

Келушілерге өтініш жіберуге және әртүрлі бөлімдердің өкілдерінен кеңес алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, мұнда мемлекеттік органдардың басшыларына жеке кездесуге жазылуға болады.

 

2024 жылдың 5 қаңтарынан бастап Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысы әкімдігінің жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын бастайды.

 

Сонымен қатар, азаматтарды Абай облысы және Семей қаласының аумақтық басқармасы, әкімдік басшылары жеке қабылдайтын болады. Кесте облыс әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланған

(https://www.gov.kz/memleket/entities/abay?lang=kk).

Дата публикации
26 декабря 2023
Дата обновления
26 декабря 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы