Меню

Страницы

Статья

Абай облысында ҚР Президентінің шыршасы өтті

Бүгін еліміздің барлық облыстарында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты басты жаңа жылдық іс-шарасы өтті. Семей қаласында ұйымдастырылған мерекелік жиынға Абай облысының әр ауданы мен қаласынан 200 бала қатысты.

 

Шыршалық кешке 9 жастан 13 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта, қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды.

 

«Бүгін жылдың басты іс-шарасы Қазақстан Республикасының Президенті атынан өткізіліп жатыр. Сіздерді осы келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздер сапалы білім алып, жақсы оқып, биіктерден көрініп, еліміздің лайықты азаматы болыңыздар. Сәттілік серіктеріңіз болсын. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Біз сіздерге сенеміз! Жаңа жылда тілеген барлық тілектеріңіз орындалсын!», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

 

Балаларға ерекше безендірілген сахнада аниматорлардың қатысуымен театрландырылған жаңа жылдық қойылым ұсынылды. Мерекелік кешке қатысқан әр балаға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен ойыншықтар сыйға тартылды.

Дата публикации
26 декабря 2023
Дата обновления
26 декабря 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы