Меню

Страницы

Статья

Абай облысында 15 қазанда жылу маусымы басталады

Абай облысы мәслихатының кезекті сегізінші сессиясында қысқы кезеңге дайындық мәселесі талқыланды. Жылу беру кезеңіне су құбыры мен кәріз желісі, білім беру және денсаулық сақтау нысаны 100% дайын.

 

Қазандықтар мен жылу желілерін жөндеу жұмыстары 5 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланған. Өңірде жылыту маусымы 15 қазанда басталады.

 

Қазіргі таңда Курчатов қаласында қазандықты жөндеу, жылу желілері мен мұржаларды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Абай ауданында қазандықтарды ауыстыру және Қарауыл ауылындағы жылу жүйесін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Аягөз ауданында орталық қазандық пен жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Айта кетсек, бүгінде теміржол тұйықтарында 12 мың тонна көмір қоры бар және оны жеткізу уақытылы іске асып отыр. Өңірде теміржол бойларындағы көмірдің құны 12,7 мың теңгеден 18,5 мың теңгеге дейін жетеді.

 

Бұдан бөлек, сессияда ветеринария мәселесі, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету шарасы және мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесі талқыланды.

 

«Сессияда көтерілген мәселелер дер кезінде қаралып, жүзеге асырылатын болады. Жылыту маусымына дайындық кезінде қазылған жолдарға асфальт төселеді. Жөндеу жұмыстары ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты уақытша кейінге қалдырылды, бірақ жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталады. Найманбаев көшесінен Дулатов көшесіне дейінгі аралықта абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, соған байланысты қыс мезгілі кезінде асфальт төсеу дұрыс емес», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

 

Алдағы жылыту маусымына дайындық облыс басшысының қатаң бақылауында.

Дата публикации
26 декабря 2023
Дата обновления
26 декабря 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы