Бүгінгі күні 111 әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде, оның ішінде: денсаулық сақтау саласында 2 объект, білім беру саласында 9 объект, 5 спорт объектісі, 2 мәдениет объектісі, 1 Әлеуметтік қамсыздандыру объектісі, 5 өзге де объект, 66 тұрғын үй құрылысы объектісі және 21 тұрғын үй құрылысы объектісі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтау саласында жалпы құны -1,067 млрд теңгені құрайтын 2 нысан: Үржар ауданы Қаратұма ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында дәрігерлік амбулаториясы бар әкімшілік ғимараты және 50 келушіге арналған 10 жатын орнымен күндізгі стационары бар дәрігерлік амбулатория құрылысы салынуда.
Білім беру саласында жалпы құны 20,587 млрд теңгені құрайтын 9 нысан. «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 3000 орындық 5 мектептін құрылысы жүргізілуде (Семей қаласының Водный кентінде 600 орындық; Семей қаласындағы Қарағайлы тұрғын ауданындағы 1200 орындық; Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында 300 орындық;, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында 300 орындық;, Аягөз қаласындағы Ет комбинаты ықшам ауданында 600 орындық мектептер).
Семей қаласының Заря шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы өтеусіз (KAZ Minerals Demeu CF есебінен) негізде басталды.
«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Абай ауданы Кеңгірбай би ауылының Қарашоқы шатқалында балалар лагерінің құрылысы (жалпы құны – 363,157 млн. тг.) және Үржар ауданы Мақаншы ауылында 140 орындық балабақша құрылысы (ҚМЖ құны-924,4 млн. тг.), сондай – ақ облыстық бюджет қаражаты есебінен Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылында "Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі" КММ үшін қазандық құрылысы жүргізілуде (жалпы құны-148,922 млн. тг.)
Спортты дамыту бағыты бойынша жалпы құны 2,9 млрд. теңгені құрайтын 5 нысан бар. Оның ішінде: Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы (жалпы құны – 1,1 млрд.теңге) және Көкпекті ауданының Көкпекті ауылындағы жүзу бассейні құрылысы жүргізілуде (жалпы құны-333,6 млн. тг.). Сондай – ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауданы Таскескен ауылында (жалпы құны – 510,109 млн.теңге.,.) және Абай ауданы Көкбай ауылында (жалпы құны-521,2 млн. тг) 2 спорт модулінің құрылысы жүргізілуде және Ақсуат ауданы Ақсуат ауылындағы стадионды қайта жаңарту басталды (жалпы құны – 192,9 млн.тг.,).
Мәдениетті дамыту бағыты бойынша жалпы құны – 780,3 млн.тг. Оның ішінде: «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Семей қаласының Приречное ауылындағы мәдениет үйін қайта жаңарту жүргізілуде (жалпы құны – 324,3 млн.теңге). Сондай - ақ, Үржар ауданы Жоғары – Егінсу ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды (жалпы құны-456,004 млн.тг.).
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша «Үржар балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қолданыстағы 2 қабатты ғимаратына қосымша құрылысы жүргізілуде (ҚМЖ құны – 445,171 млн. тг.,).
Облыстық бюджет есебінен облысты дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде ағымдағы жылы Үржар ауданында 5 мал қорымының құрылысы жүргізілуде (Мақаншы ауылы, Қабанбай ауылы, Үржар ауылы, Таскескен ауылы, Бақты ауылы, жалпы құны – 159,6 млн.теңге).