Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ олардың
құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) тиісті
өкілеттігі жарғыда көзделген жағдайда, бірмандаттық аумақтық сайлау
округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезінде тапсырылатын
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1) қоғамдық бірлестіктің жоғары басшы органының шешімі - яғни, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірме (қоғамдық бірлестіктің жоғары басшы органы мүшелерінің және кандидатты ұсынуды қолдайтын дауыстардың жалпы саны көрсетіледі)
2) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме,
3) азаматтың осы сайлау округі бойынша өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен депутаттыққа кандидат болуға келісімі туралы өтініші;
4) кандидат туралы өмірбаяндық мәліметтер;
5) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжаты (саяси партия ұсынған кезде);
6) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде саяси партияны, қоғамдық бірлестікті тіркеу туралы құжаттың көшірмелері,
7) аумақтық әділет органдарында құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) есептік тіркелгені туралы мәліметтер;
- тіркеу кезінде:
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды 2023 жылғы 1 қаңтарға тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
9) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (1 050 000 теңге, 15 ЕТЖ = 70 000*15).
Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестікке мүше болып табылмайтын адамдарды кандидаттар етіп ұсынуға құқылы.
Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады.
Құжаттар тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсынылады