Өзін-өзі ұсыну жолымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері
бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезінде тапсырылатын
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1) осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің
депутаттығына кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіргені туралы өтініш;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
-тіркеу кезінде
3) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды 2023 жылғы 1 қаңтарға тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (1 050 000 теңге, 15 ЕТЖ = 70 000*15).
Құжаттар тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсынылады