Меню

Страницы

Статья

Зергерлік бұйымдарға қойылатын талаптар

2016 жылғы 17 шілдеден бастап «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – заң) енгізілді, ол асыл тастармен, зергерлік бұйымдармен және асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған басқа да бұйымдармен (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) операциялар саласындағы қатынастарды реттеу.

Заңмен бәсекелестік ортаға қатысушыларға асыл тастарға, зергерлік бұйымдарға және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу мүмкіндігі берілген. Сараптама жөніндегі уәкілетті ұйымдар «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ сынақ палатасы, «Standart» Сынақ бағалау палатасы» ЖШС, «Бағалы металдар мен асыл тастарды тәуелсіз сараптау орталығы сынақ зертханасы» ЖШС болып белгіленді.

Заңда тұтынушыларды адастыру жағдайларын болдырмайтын зергерлік бұйымдарды міндетті түрде сынау және таңбалау туралы нормалар енгізілді.

Зергерлік бұйымдарға және басқа да бұйымдарға сынамалық таңбадан басқа, өндірушінің таңбасы қойылуы керек, ол тек сынаманың сәйкестігіне ғана емес, сонымен қатар зергерлік жұмыстың сапасына да кепілдік береді.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарына қойылмаған сынама таңбасы, сондай-ақ атаулы белгінің бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдарды сатуға жол берілмейді.

Өндірушінің тұтынушыға бағдарлануы бәсекелестерге қарағанда сапалы өнімді қамтамасыз етуге ұмтылу болып табылады.

Өнімде атаулы белгінің және сынақ белгісінің болмауы заңсыз жасалған өнімді сатып алу белгілерінің бірі болып табылады.

Зергерлік бұйымдарды міндетті түрде сынау және таңбалау туралы нормалар тұтынушыларды алдауды, контрафактілік өнімді өткізуді және зергерлік бұйымдарды және басқа да бұйымдарды алдын ала сараптамасыз өткізуді болдырмайды.

Заңға сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ, бақылау субъектісіне (объектісіне) барып, жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Дата публикации
18 января 2023
Дата обновления
18 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы