Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33- бабының 2-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін: 1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау жəне баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге; 2) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге, кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 70 000 (жетпіс мың) теңге; 3) көліктік шығыстар - 80 000 (сексен мың) теңге. 2. Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы жəне Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін. 3. Облыстық, Астана, Алматы жəне Шымкент қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернетресурсында жариялансын.

 

Төраға м.а.                                                                      К. Петров

Хатшы                                                                              М. Ерман

 

 

Астана қаласы,

2022 жылғы 15 желтоқсан

№ 123/617

Дата публикации
19 декабря 2022
Дата обновления
19 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы