Абай облыстық сайлау комиссиясының
ұсыну қорытындылары туралы
АҚПАРАТЫ
Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылғы 14 қаңтарға ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалды.
Облыстық сайлау комиссиясына Абай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетін білдірілгені жөнінде келесі өтініштер келіп түсті:
|
Аты, жөні, тегі |
Туған жылы |
Атқаратын қызметі, жұмыс орны, тұрғын жері, кімнен ұсынылды |
|
Апенов Кималидин Сагалбаевич |
1967 |
ЖШС «Востокцветмет», Орловский өнеркәсіп кешенінің, әкімшілік- шаруашылық бөлім басшысы, Бородулиха ауданы, Жезкент кенті, «AMANAT» партиясының мүшесі,өзін-өзі ұсыну тәртібімен; |
|
Канапьянова Айнур Аулейсовна |
1969 |
Аягөз қалалық көпсалалы қазақ гимназиясының директоры, Аягөз қаласы, «AMANAT» партиясының мүшесі,өзін-өзі ұсыну тәртібімен; |
|
Аштаева Алмагуль Мухамедкаримовна |
1973 |
Ақсуат аудандық емхананың бас дәрігері, Ақсуат ауданы, «AMANAT» партиясының мүшесі,өзін-өзі ұсыну тәртібімен; |
|
Апсалямов Ерболат Надирбекович |
1968 |
ТРР «Миниралс», директорлар кеңесінің төрағасы, Семей қаласы , «AMANAT» партиясының мүшесі,өзін-өзі ұсыну тәртібімен; |
|
Маслова Анжела Владимировна |
1975 |
ЖШС «Эйкос» дамыту бойынша директоры, Семей қаласы, «AMANAT» партиясының мүшесі,өзін-өзі ұсыну тәртібімен; |
|
Тастекеев Кайрат Кулбаевич |
1967 |
Семей қаласы, құрылыс колледжінің директоры, Семей қаласы, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен; |
|
Рахатқызы Гулжанат |
1983 |
«CENTRIUM»орталығының басшысы, Семей қаласы, ДПК «Ақ жол» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен |
|
Муканов Серикбосын Заманбекович |
1950 |
Зейнеткер, Семей қаласы, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен; |
Облыстық сайлау комиссиясы барлық 8 кандидаттың Конституциямен және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексерді (жоғарыда көрсетілген), барлығы сәйкес келеді, ол туралы тиісті хаттама жасалды.
8 үміткерге сайлаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді.
6 кандидат облыстық сайлау комиссиясына облыстың барлық мәслихаттарын ұсынатын таңдаушылардың қолтаңбаларының қажетті саны бар қол қою парақтарын ұсынды.
6 кандидат бойынша көші қон полициясының қызметкерлерін тарта отырып, қолдауға жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру жүзеге асырылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуді облыстық сайлау комиссиясы мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырады:
1)мәслихаттың депутаттыққа кандидат ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда);
2) депутаттыққа кандидат болып сайлануға келісім беру туралы өтініш (немесе азаматтың өзін-өзі ұсынған жағдайда депутаттыққа үміткер болу ниеті туралы өтініші);
3) кандидаттың өмірбаяндық деректері;
4) кандидатты қолдау үшін таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы;
5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (900000 теңге, 15 ЕТЖ = 60000*15).
Абай облысының
аумақтық сайлау комиссиясы