Меню

Страницы

Статья

Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы

2022 жылғы 29 қарашадан 2 желтоқсанға дейін Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 4 Жарлығына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәртібімен келесі азаматтардан өтініштер түсті:

  1. Апенов Кималидин Сағалбайұлы
  2. Қанапьянова Айнұр Әулейсқызы
  3. Аштаева Алмагүл Мұхамедқарымқызы
  4. Апсалямов Ерболат Надирбекұлы
  5. Ангела Владимировна Маслова
  6. Тастекеев Қайрат Құлбайұлы
  7. Рахатқызы Гүлжанат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 71-бабына сәйкес азаматтар келесі құжаттарды ұсынды:

  1. Өмірбаяндық деректерді қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып сайлауға түсуге келісім беру туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
  4. Жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;

Бүгінгі күні Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы Конституциямен және осы Конституциялық заңмен кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуде.

 Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 декабря 2022
Дата обновления
05 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы