2025 жылғы Абай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша АҚПАРАТ

2025 жылдың 1 желтоқсанға халық саны: 596,0 мың адам, оның ішінде қалалық – 374,3 мың адам (62,8%).

Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2 кент, 320 ауылдық елді мекен.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 632,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 99,1%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 583,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 101,1%.

Шағын және орта бизнес. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 55,2 мың бірлікті құрады. Өсу қарқыны – 101,9%.

Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 616,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 106,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 354,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлеминдексі – 106,2%.

105,8% өсу қарқынымен 337,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жұмыспен қамту. 2025 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7%. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны 105,8 мың адамға жетті немесе экономикалық белсенді халық санының 35,9% құрады.

2025 жылдың 3 тоқсанындағы орташа жалақы 372 831 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 11,5% жоғары.

Инфляция 111,8% құрады, оның ішінде азық–түлік тауарларына – 112,8%.

Бюджет. Облыс бюджеті 513,4 млрд. теңгеге игерілді (66,4% – трансферттер, субвенциялар және кредиттер).

2025 жылда мемлекеттік бюджетке 648,7 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 484,0 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 164,7 млрд. теңге.

Әлеуметтік сала. Әлеуметтік саласымен 255,5 млрд. теңге игерілді, оның ішінде білім беру – 182,3 млрд. теңге, денсаулық сақтау – 14,0 млрд. теңге, әлеуметтік қамсыздандыру – 31,4 млрд. теңге, мәдениет және спорт – 27,8 млрд. теңге.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық. Халықтың облыс бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі ауылдық жерлерде 100%, қалаларда 100% құрайды.

Халықтың ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі – 22,8%, қалаларда – 39,6% құрайды.

2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға  22,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 27 жобаны салуға (16,4 млрд. теңге) және  25 нысанды реконструкциялауға (6,3 млрд. теңге), 2 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге (11,5 млн. теңге).

Қоғамдық қауіпсіздік. 2026 жылдың 1 қантарына 3 671 қылмыс тіркелді, оның ішінде ұсақ – 499, аса ауыр – 34.

2025 жылғы Абай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша АҚПАРАТ
Дата публикации
06 февраля 2026