«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28 бабының 3 тармағына, 33 бабының 2-1-тармағына сәйкес Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығыстарының мөлшері төмендегідей болып белгіленсін:
- Теледидар мен радио арқылы бағдарлама ұсыну, мерзімді баспа немесе интернет басылымдарда 2 мақала жариялау – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
- Ашық үгіт-насихат іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 105 000 (жүз бес мың) теңге;
- Көлік шығыстары – 85 000 (сексен бес мың) теңге.
- Осы қаулы Абай облысының аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын және облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Абай облысының аумақтық сайлау комиссиялары осы қаулыны аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға жеткізсін.
|
Төраға
|
|
Г. Жігітбаева
|
|
|
|
|
|
Хатшы
|
|
Б. Төкенов
|
Абай облысы АСК
2026 жылғы 15 қаңтардағы №26 қаулысы