«Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
Бірыңғай ұйымдастырушы облыстық басқармалардың тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін 15,7 млн (4 000 АЕК) теңгеден астам сатып алуды жүргізеді. 15,7 млн (4 000 АЕК) теңгеден төмен сатып алуларды облыстық басқармалар дербес өздері жүргізеді.
Бірыңғай ұйымдастырушы қалалар мен аудандардың тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін 157,2 млн (40 000 АЕК) теңгеден астам сатып алуды жүргізеді. 157,2 млн (40 000 АЕК) теңгеден төмен сатып алуларды қалалар мен аудан әкімшіліктері дербес өздері жүргізеді.
Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізіп, өткізілген сатып алу қорытындыларына келіп түскен шағымдарды да Өзі қарастырады.
2025 жылы Тапсырыс берушілері тарапынан құны 343,1 млрд. теңгеге тауарлар, қызметтер және жұмыстарды сатып алуға жоспардың
152 473 тармағы бекітілген.
Сатып алу рәсімдері басталған сомасы 337,4 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, дербес өткізген сатып алулар 185,7 млрд. теңге, басқарма арқылы
151,7 млрд.теңге.
|
Анықтама: - 260 мемлекеттік сатып алу конкурсына 61,5 млрд. теңгеге шарт жасалған. - 170 мемлекеттік сатып алу конкурсында 34 млрд. теңгеге жеңімпаз анықталмаған. - 48 мемлекеттік сатып алу конкурсы 49,7 млрд. теңгеге тоқтатылды. |
Мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы 2,4 млрд.теңгені құрайды.
Тапсырыс берушілер дербес өздері өткізген (4000 МРП-нан төмен) конкурстар соммасы 185,7 млрд. теңге.
|
Анықтама: - 102 880 мемлекеттік сатып алу конкурсына 139,4 млрд. теңгеге шарт жасалған. - 49 034 мемлекеттік сатып алу конкурсында 46,3 млрд. теңгеге жеңімпаз анықталмаған. |
Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру бойынша атқарылған жұмыстар негізінде Мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан Абай облысының қалалар, аудандар әкімдіктері және облыстық басқармалар және оларға бағынысты мекемелердің қызметкерлеріне арналған оқыту семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Семинар-кеңестің мақсаты: Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Семинар-кеңесті Семей қаласында 2025 жылдың 3-25 қазан аралығында «Учебный центр Эрудит Астана» ЖШС-ң мамандары жүргізді.
Оқыту барысында 585 мемлекеттік қызметкер қамтылды. Қатысушылардың барлығы лектордың 24/7 онлайн консультациялық тобына қосылды.
Күтілетін нәтижелер: