2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 107-бабының
1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32737 болып тіркелген), 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 33564 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;
он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес.
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізілсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Абай облысы әкімінің
міндетін атқарушы Д. Оспанов